2017 жылдан бері Азаттықтың әлеуметтік желілер бойынша продюсері. Астанадағы Назарбаев университетін тәмамдаған.
Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.
Қазақстандық қолданушыға арналған Qaznet Trust Network "қауіпсіздік сертификатын" билік жаппай орнатуға шақырады. Мамандар бұл бастама интернет үшін аса қауіпті екенін айтып, оны енгізу процесін тоқтату керек деп санайды.
Қазақстан Ғаламдық инновация индексінде 129 ел ішінде 79-орында тұр. Рейтинг түзгенде патент алу үшін түсірген арыз саны, ғылыми жаңалықтар саны мен ғылыми мақала авторларының саны ескерілген. Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда бірнеше саты төмендеді.
"Зеленое спасение" ұйымының жобалар жетекшісі, экобелсенді Светлана Спатарь Азаттыққа берген сұхбатында Алматының жаңа әкімі Бақытжан Сағынтаевтан не күтетінін айтып, билік пен бизнес қарым-қатынасына тоқталды.
Қытай қазағы Сайрагүл Сауытбай Азаттыққа Швецияға жетіп, құжаттарын рәсімдеп жатқанын айтты. Сауытбайдың сөзінше, қазіргі мақсаты - Швеция азаматтығын алу. Қытай қазағы Сайрагүл Сауытбай Қазақстаннан босқын мәртебесін ала алмаған соң, 3 маусымда отбасымен бірге Швецияға кеткен.
Шетелде тұратын, сол жақта жұмыс істеп жүрген қазақтар Қазақстанда жаңадан сайланатын президент әділетті қоғам құрып, жемқорлық мәселесін шешсе дейді.
7 мамырда желіде «оянған қазақстандықтардың» екі түрлі видеосы жарияланды. Бір топ оянғанда «адам құқығы шектелген» Қазақстанды көрген. Екінші топ «миллион мүмкіндікті жүзеге асыруға болатын» Қазақстанда оянған.
Орталық Азия бойынша сарапшы Брюс Панниер Азаттық тілшісіне берген сұхбатында Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы, қоғамдық белсенділік пен елдің болашағы туралы ойларымен бөлісті.
16 мамырда бір топ ана Нұр-Сұлтанда экономикалық форум өтіп жатқан ғимаратқа барып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевтың шығуын талап етті. Екеуі де осы форумға қатысып жатқан. Кейін наразы аналарға министр мен әкім шықты.
"Жусан" және "Жусан-2" операциясы аясында Сириядан Қазақстанның 280-ге жуық азамат елге жеткізілді. Солардың бірі бастан кешкен оқиғасы жайлы айтып берді.
Ғалия Әженова Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстанда қандай тақырыптарды жазуға тыйым салынатынын айтты.
Париж, Прага, Тбилисиде оқитын қазақстандық студенттер Алматы марафонында баннер ілгені үшін 15 күнге қамалған Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбековті босатуды талап етіп, "Шындықтан қашып құтылмайсың" атты акция өткізді.
Азаттық Қазақстан президенттігіне кандидатқа қойылатын талаптармен таныстырады. 2017 жылы "Сайлау туралы" заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, өзін өзі ұсынуға тыйым салынған.
Азаттық қазақстандық әйелдерден арманы туралы сұрады. 8 наурыз мерекесіне арналған сауалнамамызға 8 әйел жауап берді.
Forbes журналы жыл сайын жариялайтын дүние жүзіндегі дәулетті адамдар тізіміне жаңадан қосылған байлардың басым көпшілігі - технология мен өнеркәсіп саласынан. Қазақстандық ең бай бес адамның ішінде Владимир Ким алда тұр.
Қазақстанда премьер-министрлер жиі өзгереді. Ел тарихында тек бір ғана адам, Кәрім Мәсімов екі рет премьер-министр болған. Қазақстан тәуелсіз ел болғалы үкіметті кімдер басқарды?
Қазақстан төтенше жағдайлар комитетінің дерегінше, 2018 жылы Қазақстанда 14 мыңнан аса өрт болып, барлығы 846 адам жапа шеккен. 436 адам қаза тапқан. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 26 пайызға көп. Өрттен 2017 жылы 44 бала, 2018 жылы 34 бала мерт болған.
Қазақстанда кәмелет жасына толмаған балалар қылмыстық жауапқа тартыла ма? Оларға қандай жаза тағайындалады және сотталғандары жазаларын қандай мекемеде өтейді?
Алдағы үш жылда қай министрлік қанша қаржы игеретіні анықталды. Мәселен, ақпарат және коммуникация министрлігі бюджеттен әділет министрлігіне қарағанда – 3 есе, қоғамдық даму министрлігімен салыстырғанда 16 есе көп ақша алады.
Қазақстанда көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы қанша? Азаттық статистика деректерін шолып шықты.
Шыңжаң қалай автономиялық аймаққа айналды? Ондағы қазақтар мен ұйғырлардың саны қанша?
Тағы