2017 жылдан бері Азаттықтың әлеуметтік желілер бойынша продюсері. Астанадағы Назарбаев университетін тәмамдаған.
Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.
Қазақстандық шорт-трекші Нұрберген Жұмағазиев Пхенчхан олимпиадасындағы нәтижесіне қатысты пікір білдірді.
Қазақстандықтар "бақыт рейтингі" бойынша Gallup International тізімінде 6-шы, БҰҰ-да 60-шы орында. Неге бұлай?
Қазақстанның заңында "жыныстық бопсалау" ұғымының анықтамасы жоқ. Жыныстық бопсалауды халықаралық ұйымдар қалай анықтайды? RFE/RL кадр бөлімінің маманы түсіндіріп береді.
Тамыр-таныс арқылы жұмысқа орналасу, карьера жасаудың қиындығы және өзге себептерге байланысты Қазақстан жастарының 40 пайыздан көбі елден кетуді жөн көреді. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жанындағы орталық зерттеушілері осындай қорытынды жасаған. Жастар туралы мемлекеттік емес зерттеу авторлары жас азаматтарды шетелге кетуге мемлекет пен қоғам итермелейді деп санайды.
ЭКСПО қалашығы аумағына мрамор төсеген жұмысшылар жеті айдан бері жалақыларын ала алмай жүр. Олардың арасында Түркия мен ТМД елдерінен келген құрылысшылар да бар.
Ресей парламентінің депутаты Виталий Милонов БРИКС елдерін және арасында Қазақстан да бар, Ресей одақтастарын Олимпиадаға "бойкот" жариялауға шақырды. заттық бұл туралы Қазақстан депутаттарының пікірін сұрап көрді.
Сарапшылар тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы Қазақстан заңдарында қарастырылған шаралардан қайыр болмайды деп санайды. Желтоқсанның 10-ына дейін созылатын «Әйелдер әлімжеттігіне қарсы іс-қимылдың 16 күні» акциясы аясында Астана полициясы отбасындағы жанжалдарды реттеу үшін «сот психологтары институтын» құруды ұсынды. Бірақ бұл бастамадан тұшымды нәтиже шығарына кәсіби психологтар сенбейді.
Бірнеше құрылыс компаниясы салған Астанадағы "Махаббат" кешенінің тұрғындары үйден шығып қаламыз деп қауіптенеді. 23 қараша 2017 жыл
ЭКСПО ғимараттарын салуға қатысқан жұмысшылар жалақы сұрайды. 10 күннен бері олар Sembol құрылыс компаниясы кеңсесінің алдына жиналып жүр.
БҰҰ-ның халық саласындағы қоры (ЮНФПА) дерегінше, 2015-2016 жылдары 15-19 жас аралығындағы қыздардың арасында бала туу коэффиценті әр 1000 қызға шаққанда 36-дан келген. Сауалнамаға қатысқан қыздардың 62 пайызы жүктіліктен жасанды түсік жасатумен құтылған. ЮНФПА бұл проблеманы оқу орындарының білім бағдарламасына адамгершілік-жыныстық тәрбие (жыныстық білім) сабақтарын енгізу арқылы шешуді ұсынады.
Азаттық тілшілері мәжіліс депутаттарынан "Қазақ-қырғыз шекарасындағы мәселе қалай шешілуі керек?" деп сұрап көрді.
Анаға арнау өлеңдер, өмірдің мәні жайлы ойлар мен түрлі-түсті суреттер өмірінің ендігі қалған бөлігін қапаста өткізетіндердің қолынан шыққан... Астанадағы көрмеге сот үкімі бойынша өлім жазасы тағайындалған және өмір бойы бас бостандығынан айырылғандардың жұмыстары қойылды.
Қазақстандық әйелдер құқығын қорғаушы белсенділер БҰҰ-на жолдайтын балама есебінде отбасындағы әлімжеттік үшін жауапкершілікті қылмыстық кодекстен алып тастау Қазақстанда әйелдердің жағдайын айтарлықтай ауырлататыны жайлы баяндамақ.
Қазақстандық белсенділер әлімжеттік үшін жауапкершілікті қылмыстық кодекстен алып тастау әйелдердің жағдайын ауырлатқанын айтады.
Астана қаласының әкімдігі қоғамдық көлікте тегін жүру үшін әрбір пәтер, офистер мен жеке үйлерден ай сайын 3 мың 800 теңгеден (1,7 АЕК) төлем алуды ұсынды. Азаттық тілшілері осы мәселеге орай Елорда тұрғындарының пікірін сұрап көрді.
Қазақстанда ЮНИСЕФ қоры мен денсаулық министрлігінің қолдауымен кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу бағдарламасын енгізіп жатыр. Жергілікті кей сарапшылардың мәлімдеуінше, қазақстандықтар психологиялық көмекке көбірек жүгіне бастаған.
Қазақстан билігі "Дін қызметі және діни бірлестіктер туралы" заңға шектейтін және тыйым салатын өзгерістер енгізуді ұсынады. Орталық Азиядағы діни ахуал мен радикалдану мәселелерін зерттеп жүрген Батыс сарапшысы бұл өзгерістерден тұшымды нәтиже шығарына сенбейді.
Астанада қазақ күресінен "Әлем Барысы - 2017" әлемдік абсолюттік чемпионат өтті. Белдесулер қорытындысында қазақстандық Айбек Нұғыманов бірінші орынды, грузиялық Гурам Тушишвили –екінші, тағы бір қазақстандық Ержан Шынкеев - үшінші орынды иеленді.
Өткен апта Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Латынға өту – орыс тілінен, кирилл қарпінен бас тартуды білдірмейді. Қазақстанның орыстілді азаматтарына кириллица сақталады» деді. Қос әліпбидің қатар қолданылуы жайлы Азаттық астаналықтардан сұрап көрді.
Тағы