2017 жылдан бері Азаттықтың әлеуметтік желілер бойынша продюсері. Астанадағы Назарбаев университетін тәмамдаған.
Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.
Маусымның 30-ынан бастап парламент демалысқа кетті. Азаттық тілшілері астаналық тұрғындар арасында «Бір жылда депутаттар қандай жұмыс атқарды?» деген сұрақпен сауалнама жүргізді.
Дүниежүзі қазақтарының бесінші құрылтайында германиялық қазақ Өмірхан Алтын "Қытайдың Шыңжаңындағы қысым көрген қазақтар" туралы айтты. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ол туралы бейхабар екенін айтып, сыртқы істер министрлігіне тапсырма беруге уәде етті.
Азаттық тілшісі Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Қазақстанға көршілес Орталық Азия елдері - Түркіменстан мен Өзбекстан павильонын көруге барды.
Астана халықаралық әуежайына Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру туралы шешімге қала тұрғындарының пікірі.
Бала кездерінде Моңғолиядан АҚШ-қа кетіп, сол елден мектеп пен оқу бітірген, әрқайсысы төрт-бес тіл білетін Алтыннұр мен Айнұр Астанада тұрып жатыр. Өздерін "оралман" санайтын олар Астанада бастан кешкен "қызықтарын" айтты.
Қазақстан астанасында ашылуына санаулы күндер қалған EXPO 2017 халықаралық көрмесіне дайындық жұмыстары қарбалас жүріп жатыр.
Астанада Есіл өзенінің ЭКСПО көрмесі өтетін сол жағалауында жалға берілетін пәтерлер мен хостел бағасы өсе түскен.