Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена 2010 жылдан 2024 жылғы қазанға дейін Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі болған.
ВИЧ дертіне шалдыққан науқастарға көмектесетін Қарағанды қоғамдық қоры мен оның екі өкілін өңірлік СПИД орталығы сотқа берді. Орталық қоғам белсенділері мен науқастардың мемлекеттік органдарға берген шағымында ұйымның беделіне нұқсан келтіретін деректер бар деп есептейді.
Протез, мүгедек арбасы, зағип жанға арналған аппарат пен шипажайға жолдама. Қазақстандық Магниткада еңбек етіп, өндірісте жарақат алған ондаған адам мүгедектерді қолдауға арналған қарапайым шараларға қол жеткізе алмай отыр. Бұл проблемалар "Қарметкомбинат" жекеменшікке өткеннен кейін басталған.
"АрселорМиттал Теміртау" шахтерларының жұмыс беруші мен билікке қойған талаптары бойынша жүрген келіссөз екі аптаға созылып, қос тараптың көп мәселе бойынша келісімге келуімен аяқталды. Кеншілердің біраз талабы ішінара орындалса, кей ұсынысын үкіметтің көмегінсіз іске асыру мүмкін емес болып шықты.
"Жусан" операциясы аясында Сириядан эвакуацияланған қазақстандық әйел төрт ауыр қылмыс бойынша айыпты деп танылып, сегіз жарым жылға сотталған. Азаттық тілшісі әйелдер колониясында отырған әйелмен тілдесіп қайтты.
Туберкулезбен ауыратын науқасты іздеп тауып, емдеумен айналысатын қазақстандық үкіметтік емес ұйымдарға мемлекет қолдау көрсетпесе, елде туберкулезге шалдыққандар артып кетуі мүмкін дейді сарапшылар. Қарағанды облысындағы осындай ұйымның қызметі жайлы Азаттық тілшісінің арнайы репортажын ұсынамыз.
Қарағанды облысындағы Абай қаласындағы шахтада жарылыс болып, алты кенші қаза тапты. Тағы екі адам жараланды. Соңғы жиырма жылда Қарағанды облысында шахталардағы апаттан 105 кенші көз жұмған.
Қарағанды облысындағы "Абай" шахтасында апат болып, алты адам көз жұмды. 13 жыл бұрын шахтада болған қайғылы оқиғалардан кейін құрылған "Шахтерлар отбасы" қоғамдық бірлестігі жұмысшылар "жүйенің кепіліне" айналды деп есептейді.
Қарағанды облысы Шет ауданы Көктенкөл ауылы белсенділерінің жергілікті әкімге көңілі толмайды. Ауыл басшысы мен халық арасындағы кикілжіңге полиция мен сот та араласқан.
Қарағанды облысында белсенді Ғалы Бақтыбаевтың өлімінен соң шыққан ақтау үкімінің күші жойылды, сот қайта өтпек. Өз үйінің табалдырығында оққа ұшқан белсендінің жақындарында кінәлілер жазаланар деген үміт пайда болды. Ал қарсы тарап үкімнің жойылғанымен келіспейді.
Жылдар бойы жер астында жұмыс істеп келген кеншілер кәсіби сырқаты салдарынан еңбекке жарамай, мүгедек болып қалады. Осындай кеншілердің бір тобы сотқа жүгініп, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясынан моральдық өтемақы талап етіп отыр.
Орталық Азиядағы екі постсоветтік мемлекет – Қазақстан мен Өзбекстан өз аумағында атом электр станциясын салуы мүмкін екенін айтады. Бұл жобалар жайлы ақпарат аз, ал күмән мен қорқыныш жетіп артылады. Қарағандылық эколог Дмитрий Калмыков Орталық Азияда АЭС салудың қауіп-қатері көп екенін айтады.
Қарағандыда 500-ге жуық отбасы жаңа үй құрылысына ақша салған. Кейбірі жаңа пәтер құнын алдын ала толық төлеп қойса да, әлі күнге баспанаға қол жеткізе алмай, әуре-сарсаңға түсіп жүр. Жобаға жауапты компания құрылысқа пандемия, қаржы аздығы және жұмыс күші тапшылығы себеп болды деген сылтау айтады.
Ақмола өңіріндегі Бестөбе кентінің халқы жаңадан салынған кен байыту фабрикасы онсыз да нашар экологиялық ахуалды одан әрі ушықтырады деп, кәсіпорын жұмысына қарсылық білдірген. Мұның соңы белсенді азаматтарды "жалған ақпарат таратты", "ҚДТ қозғалысына қатысты" деген айыппен қудалауға ұласқан.
Ақмола облысы Ақсу кентінің халқы экологиясы нашар аймақта алтын өндіретін тағы бір кәсіпорын ашылса, лас ауа жұтып, тұншығып қаламыз деп қауіптенеді. Белсенділер екі жылдан бері жаңа фабрика салуға қарсы екенін айтып жүр.
Қарағанды өңірінде ондаған шаруа мал шаруашылығын дамытуға берілген мемлекеттік субсидияны қайтару жайлы хабарлама алған. Билік бюджет қаржысын игеру кезінде заң бұзылған дейді. Шаруалар қиын жағдайда отырған кезде мемлекеттің субсидияны қайтару талабы төбеден жай түскендей әсер еткенін айтады.
Рейбанттар отбасының Петропавл қалалық полиция қызметкерлерін жауапқа тартуды талап етіп жүргеніне бесінші жыл. Туыстары Анатолий Рейбанттың ажалы "полицияның ұрып-соғуы салдарынан болды" деп санайды. Прокуратура марқұм "өз-өзін жарақаттаған" дейді.
Қазақстанда ислам діні дәстүрімен күйеуі әйеліне үш рет "талақ" айтып ажырасатындар әлі де бар. Азаттық осындай жайтты басынан өткерген екі әйелдің хикаясын ұсынады.
Қазақстанда ерікті сипатта басталған вакциналау бір ай бұрын міндеттіге айналды. Қызмет көрсетуші болсаңыз, не екпе салдырасыз, не жұмысты тоқтатасыз. Бұған көнбегендер наразылық білдіріп, коронавирус екпесін салдыруға қарсылық танытып жатыр. Міндетті вакциналауға қарсы шыққандар кімдер?
Feminita тобының Қарағандыда ұйымдастырған кездесуі тағы да басталмай жатып аяқталды. Шара өтетін ғимарат алдына ашулы топ (негізінен ер кісілер) жиналған соң, Feminita белсенділерімен кездесуге келгендер жедел кетуге мәжбүр болды. Бұған дейін Шымкентте болған жағдай енді Қарағандыда қайталанды.
Қазақстан билігі саяси реформаларға серпін береді деп дәріптеген ауыл әкімдерін сайлау қалай өтті? Азаттық тілшілері Қазақстанның әр түкпірінен бақылаған учаскелерде адам аяғы сирек. Ел ішінде "біздің даусымыз ештеңе шешпейді", "жүйе өзгермей ештеңе болмайды" деген көңіл-күй байқалады.
Тағы