Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Қазақстан аумағында Азаттық сайты бірнеше күннен бері баяу жұмыс істеп тұр. Ақпарат министрлігі мән-жайды анықтап, жауап беруге уәде етті.
Бүгін, 27 қыркүйекте Қазақстан аумағында Азаттық сайты дұрыс жөнді істемей тұр. Мәселен астанада таңертеңнен бері веб-сайт ашылмайды. Мобильді интернет арқылы да сайтқа кіру қиындап, қосымша әрең дегенде жүктеледі. Сарапшылар мұны ішірана бұғаттау болуы мүмкін дейді.
14 қыркүйек күні Нұр-Сұлтанда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтті. Рим папасы Франциск болған жиында осы дәстүрлі съездің негізін қалаушы, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев болмады. Азаттық мұның себебін Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтан сұрады.
Қыркүйектің басында Қостанайдың Әулиекөл ауданында орман алқабында шыққан өрт бірнеше елді мекенді қамтыды. Екі мыңнан астам адам баспанасыз қалды. Бір адам қаза болып, бір адам жоғалған. Зардап шеккендерге арналған баспана құрылысы тұрғындардың көңілінен шықпайды.
Нұр-Сұлтанда "Еркіндік қанаты" ұйымдастырған тәуелсіз бақылаушылардың бейбіт митингісі өтті. Жиынға қатысушылар сайлау туралы заңға енгізілгелі отырған өзгерістерге қарсы шықты.
Өткен аптада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің офицері, дәрігер Азат Үмбетұлы қызметте жүріп қаза болды. Марқұм Жамбыл облысы Қордай ауданындағы шекара қызметінде медицина бөлімнің жетекшісі міндетін атқарған.
Нұр-Сұлтан іргесіндегі Жібек жолы ауылы отыз жыл сусыз, жарықсыз отырғанын айтады. Ауылда интернет желісі де дұрыс жұмыс істемейді. Шыдамы таусылған жұрт бюджеттен ауылға қанша ақша бөлінетінін зерттеп шығып, қағазда бар көптеген жұмыстың іс-жүзінде атқарылмағанын анықтаған.
“Алға Қазақстан” оппозициялық ұйымын партия етіп тіркегісі келетін белсенділер үгіт-насихат парақша таратқаны үшін қудаландық деп шағымданады. Полиция оларды "тiркелмеген я қызметi тоқтатылған, тыйым салынған қоғамдық бірлестіктің қызметіне қатысты" деп ұстап әкеткен.
Өткен аптада 45 жастағы нұр-сұлтандық мүгедек құқық қорғаушы Жасұлан Сүлейменовтің үйінің терезесін біреулер таспен атқан. Құқық қорғаушы мұны өзіне жасалған ескерту деп бағалайды.
Ынтымақ ауылы Нұр-Сұлтаннан 35 шақырымда орналасқан. Кезінде фарфор зауытымен танылған ауылда тұрмысқа қажеттің бәрі болған: үй ішіне ыстық су, газ және кәріз жүйесі тартылған еді. Уақыт өте олар тозып, .істен шыққан Қазір көп қабатты үйлердің тұрғындары даладағы ағаш әжетханаға баруға мәжбүр.
"Täuel[dı]sız" деп аталатын жастар жобасы интеллектуалды поэзияға негізделген "Хикая" атты қойылымын Нұр-Сұлтандағы "Жастар сарайында" сахналады.
Теннистен Wimbledon жарысында жеңіске жеткен қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Нұр-Сұлтандағы баспасөз мәслихатында Қазақстан паспортын көрсетіп, турнирде жеңген ақшалай сыйақысының бір бөлігін елдегі жасөспірімдер теннисін дамытуға бөлетінін мәлімдеді.
Теннистен Grand Slam жарысы қатарына енетін Wimbledon турнирінде әйелдер арасында жекелей сында жеңіске жеткен қазақстандық Елена Рыбакина Нұр-Сұлтанға келді.
Қазақстанда баға тұрақтамай тұр. Ресми дерек бойынша, жыл басынан бері азық-түлік пен тауар 20 пайызға өскен. Мәселен бірнеше айдың ішінде қант екі есе қымбаттап, келісінің ең арзаны 530 теңгеге сатылып жатыр. Бірақ оның өзіне лимит қойылған.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстары – елдегі ең ауқатты әулет. Азаттық жаңа зерттеуде Назарбаевтардың астанадағы бұрынғы мемлекеттік резиденциялары мен Алатау баурайындағы Үшқоңыр жайлауының мыңдаған гектар жерін экс-президент отбасының қалай иеленіп отырғанын анықтады.
Журналист, блогер Махамбет Әбжан аса ірі көлемдегі ақша бопсалады деген күдікпен қамауға алынды. Құқық қорғаушылар мен оның адвокаты бұл күдікке күмәнмен қарайды.
Шымкентте 1 мамыр Бірлік күніне бөлінген тендерден дау шықты. Сарапшылар құны 18 миллион теңгеден асқан келісімшарттың мерекелік іс-шара өтіп кеткен соң жасалғанын анықтаған. Бұл – мемлекеттік сатып алу заңына қайшы дейді олар. Бірақ тапсырыс беруші онымен келіспейді.
Маңғыстау облысы Жетібай ауылының тұрғындары жұмыссыздар көбейгенін айтып, жол жауып наразылық білдірді. Ауыл адамдары "аймақтың экологиясы нашар, емделуге ақша жоқ" дейді. Бірақ Нұр-Сұлтанға келіп, есеп берген облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жүздеген адамға жұмыс бергенін айтады.
Қазақстанда 28 маусым журналистер күні. Осы мереке қарсаңында БАҚ өкілдеріне марапат тарататын билік өкілдері аузынан журналистиканың "төртінші билік" екені туралы сөз жиі шығады. Бірақ Қазақстанда президент пен үкімет басшысы тілшілерге сирек сұхбат береді.
"Шекарасыз тілшілер" халықаралық құқық қорғау ұйымының баспасөз еркіндігіне баға беретін биылғы зерттеуінде Қазақстан 122-орында тұр. Бұл рейтингте Қазақстан былтыр 155, алдыңғы жылы 158-орында болған. Бірақ ұйым бұл елдегі сөз бостандығының ахуалы жақсарды дегенді білдірмейді дейді.
Тағы