Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Қазақстандағы қаңтар қырғынынан соң жұрт сынына ұшыраған ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызметінен кетті. Ал қаңтардағы оқиғалардан соң жұрт көзінен таса болған мәжіліс депутаты, экс-президент Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеті тоқтады.
Нұр-Сұлтанда Ресей елшілігі алдында наразылық акциясын өткізбек болған қала тұрғыны Талғат Омаровты полиция шара басталмай жатып ұстап әкетті. Полиция оқиға орнында жүрген Азаттық тілшісі Нұргүл Тапаеваны ұстамақ болып, қайта босатты.Ресей елшілігі алдында әдеттегіден полиция көп, әр қимылды жіті ба
Ресей президенті Владимир Путин 21 ақпанда Украина шығысындағы Донецк және Луганск сепаратистік аймақтарын «тәуелсіз республика» деп мойындады. Мұны «Украина тұтастығына төнген қауіп» деп бағалаған Киев пен Батыс елдері Ресейге санкция салынатынын мәлімдеді.
Ресей президенті Владимир Путин "Луганск халық республикасы" және "Донецк халық республикасының" тәуелсіздігін мойындау туралы жарлыққа қол қойып, осы облыстарға Ресей әскерін кіргізу туралы бұйрық берді. Бұл жағдайды Қазақстан тұрғындары қалай қабылдады?
Нұр-Сұлтанда 18 ақпан күні биік кран ортасынан бөлініп, оны басқарып отырған оператор қаза тапты. Оқиғаның себебін анықтау үшін қылмыстық іс қозғалған, комиссия құрылған. Бұл жұмыстың адам өміріне аса қауіпті екенін айтып жүрген краншылар құрылыс техникаларын түгел тексеруді талап етеді.
Қазақстанда бұрынғы қорғаныс министрі қамауға алынды. Мұрат Бектановқа қаңтар оқиғасы кезінде «әрекетсіздік танытты» деген айып тағылған. Азаттық сөйлескен әскери сарапшы бейбіт наразылықтан басталып, арты қанды қырғынға ұласқан жағдайға қорғаныс министрін кіләлау дұрыс емес дейді. Ол бұл істе күш қ
Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президент лауазымына келгелі бері алғаш рет телеарнаға қазақ тілінде сұхбат берді. Сұхбаттың басым бөлігі Қаңтар оқиғасына арналды. Алайда, көрерменнің кейбірі сұрақ-жауаптың шынайылығына күмән келтіреді.
«Әскерилер бейбіт адамдарға оқ атқан жоқ». Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Азаттықтың 5-6 қаңтарда Алматыда оққа ұшып, қаза тапқандар жайлы сұрағына осылай деп жауап берді. Спикер «Тоқаевтың ескертусіз оқ ату» туралы бұйрығы да тек құқық қорғау органдарына күш көрсеткен бүлікшілерге арналған деп оты
Қазақстан билігі «Қаңтар оқиғасы кезінде 225 адамның сүйегі мәйітханаға жеткізілді» дегеннен бері 1 ай өтті. Бас прокуратура тергеу құпиясына сілтеп, көз жұмғандардың жеке дерегін жарияламай отыр. Ал Азаттық радиосы жариялаған тізімде 184 адамның аты-жөні, өлген орны белгілі. Алайда, биліктің дерект
Қаңтар оқиғасынан соң кісі өлімі, абақтыдағы азаптауларға байланысты Қазақстанда ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кетуін талап еткен петицияға мыңдаған адам қол қойды. Бірақ тұрғындардың кейбірі оны қызметтен алу жеткіліксіз, жауапқа тарту керек деп есептейді.
Үш күннен бері Азаттық радиосының қаңтар оқиғасында қаза болғандардың тізімі жарияланған парақшасы дұрыс жұмыс істемей тұрды. Бұл тізімде марқұмдардың есімі жазылған. Сарапшылар «парақшаның бұғатталғанын», мұның қаңтар дүрбелеңінде опат болғандардың ресми айтылған 227 адамнан көп екенін көрсетеді де
Немістің Deutsche Welle басылымы Қазақстанның экс-президентінің ортаншы қызы Динара Назарбаева мен күйеу баласы Тимур Құлыбаевқа байланысты компаниялар Германиядағы бірқатар аса қымбат мүлікке иелік ететінін жазды. Зерттеу авторлары зәулім сарайлар мен қонақ үйлерге кемі 100 миллион еуро жұмсалғаны
Жаңаөзендегі жұмыссыз қала тұрғындары ереуілі жалғасып жатыр. Маңғыстау облыстық әкімдігі құрған комиссия ереуілшілерге 161 жұмыс орынын ұсынды. Бұған келіспеген наразы жұртшылық өздері сұраған «Өзенмұнайгаз» компаниясы саласынан тұрақты мекеме ашуды талап етті. Олар жергілікті билік комиссиясына с
Ақпанда Маңғыстау өңірінде ереуіл қайта көбейді. Жаңаөзенде жұмыс тауып беруді талап етіп, әкімдік алдында жиналғандар бір аптадан бері тарамай тұр. Бүгін 9 ақпанда мұнай саласында қызмет көрсететін «Бұрғылау» мен «KMG-Security" мекемелерінің жұмысшылары да ереуілге шықты. Талап ортақ – еңбек жағда
Сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні бір топ ақтаулық көп баласы бар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған әйелдер Ақтаудың орталық жолын жапты. Олар өздеріне жалға берілген баспананы толық жекеге өткізіп беруді талап етеді. Билік оларды 9 ақпанда кездесуге шақырды.
Қазақстанның бас прокуратурасы қаңтар оқиғасында жұртты тәртіпсіздікке итермелеген ұйымдардың бірі деп «Қазақстанның демократиялық таңдауы» және «Көше партиясы» қозғалыстарын атады. Елдегі саяси жүйенің өзгеруін талап етіп, бірнеше жылдан бері түрлі митинг ұйымдастырып жүрген қозғалыстарды жақтаушы
2019 жылы 4 ақпанда Нұр-Сұлтан іргесіндегі "Көктал-1" шағын ауданында тұратын шаңырақтың бес қызы өрттен көз жұмды. Бұл қайғылы жағдай ұзаққа созылған көп балалы әйелдер наразылығына түрткі болды. Содан бері не өзгерді? Азаттық тілшісі сол ықшам ауданның тұрғындарына сұрады.
Жаңөзен қаласының тұрғындары жұмыс орындарын ашуды, жұмыссыздықты жоюды талап етіп екі күннен бері наразылық білдіріп жатыр. Олар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдап, әлеуметтік желіде таратты. Жаңаөзен қаласы әкімі 24 ақпанға дейін мұрсат беруді сұрады.
Нұр-Сұлтан іргесіндегі Қоянды ауылының тұрғындары сатып алған жер телімдерін 2009 жылдан бері рәсімдей алмай жүр. Жергілікті билік жерді баспана салуға болатын учаске етіп қайта тіркеуді міндеттеген және әр шаршы метріне 1950 теңгеден төлеу қажетін айтқан. Оған ауыл тұрғындары келіспейді.
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев билік партиясына төрағалықты тапсырды, оның қызы Дариға Назарбаева "Нұр Отан" саяси кеңесінен шығарылды. Енді ел саясатына Назарбаев әулетінің ықпалы қалмады ма? Депутаттар пікірі.
Тағы