Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Қазақстанда АЭС құрылысын жария талқылау аяқталды. 20 тамызда қоғамдық тыңдау Астанада өтті. Жиынға ондаған адам қатысты. Жобаны түсіндіруге келген ресми сарапшылар арасында АЭС қолдайтын мамандар ғана болды. Ал станция құрылысына күмән келтіріп, қарсылық білдіргендерге әртүрлі кедергі жасалды.
2022 жылы "Ақша жымқыру" айыбымен алты жылға сотталған кәсіпкер, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының жазасы жеңілдеді.
Тоқаев кейінгі бес жылда жекелеген телеарна мен газеттерге санаулы сұхбат беріп, қысқа брифингтерде кездесіп жүрсе де оның өзі мен көмекшісі бірнеше рет уәде еткендей БАҚ өкілдерінің басын қосып, еркін форматта кең көлемді баспасөз жиынын ұйымдастырған жоқ.
Астанада қала көшелері жаппай жөнделіп жатыр. Жолдар жабылып, көлік жүргізушілері ұзақ кептелісте тұр. Бірнеше автобустың бағыты өзгеріп, жолаушыларды әбігерге салды. Астана әкімдігі жөндеу қазан айына дейін жалғасатынын айтады. Жөндеуге 15 миллиард теңге бөлінген.
Белсенді Айдар Сыздықовтың тергеу абақтысында үш күннен бері аштық жариялап жатқаны белгілі болды. Түрме қызметкерінің сөзінше, қазір су ғана ішеді.
Кейінгі бес жылдан бері Қытайда қамалған інісін босатуды талап етіп, Алматыдағы Қытай консулдығы алдында наразылық білдіріп жүрген Байболат Күнболатұлы отбасымен Қазақстаннан Америкаға көшіп кетті. Ол «Қазақстандағы күресімнен нәтиже шықпады, інімнің үкіміне наразылықты енді
2027 жылдан бастап Қазақстандағы теле-радиоларда қазақ тілінің үлесі қазіргі 50 пайыздан 60 пайызға дейін көбейеді. 6 маусым күні сенат мақұлдаған "Масс-медиа" заңы осындай бап бар. Таза орыс тілінде ресейлік екі жүздей телеарна көрсетілетін елде бұл көрсектіш аз ба, көп пе?
Жоғарғы сот былтыр жеті жылға сотталған марафоншы, оппозициялық белсенді Марат Жыланбаевтың кассациялық арызын қараудан бас тартты. Сот алқасы "оған негіз жоқ" деп тапқан. Бір топ жақтасы залға кіргізуді талап еткенімен, сот отырысы жабық өтті.
Қазақстанда «отандық өндірісті қолдау» туралы жаңа бір петиция пайда болып, утильалым дауы өрши түсті. Шетелден келетін көліктерден утилизация алымын жоюды талап ететін топ бұны өздеріне қарсы ұйымдастырылған әрекет дейді.
Қазақстанда бүгіннен бастап мамырдың 31-не дейін бір миллион алты жүз мың оқушы қазақ тілінен емтихан тапсырып жатыр. Бұл міндетті сынақ болғанымен, сыныптан сыныпқа көшуге я ресми бағалауға әсері жоқ. Билік бұл бастаманы қалай түсіндіреді?
Қазақстанда шетелден әкелген көліктерге төленетен утилизация алымына қарсы петицияға қол қойғандар 50 мыңнан асты. Заңға сәйкес, енді бұл талапты үкімет қарастыруға міндетті. Елде утилизациялық алым жойыла ма? Нұргүл Тапаева құзырлы министрдің жауабын білді.
Халықаралық баспасөз еркіндігі күні Азаттық бұрын журналист болған мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанмен сұхбат құрып, елдегі сөз бостандығын, «Шекарасыз тілшілер» ұйымының рейтингін, Масс-медиа заңын талқылады.
3 мамыр – Халықаралық баспасөз еркіндігі күні қарсаңында Азаттық Мичиган штаты университетінің профессоры Эрик Фридманмен сөйлесіп, демократия орнаған және орнамаған елдердегі журналистиканың ерекшеліктерін талқылады.
Атырау облысы Құлсары қаласында үш мыңға жуық жеке жер үйлерден бөлек көпқабатты үйлердің жертөлесі мен бірінші қабаттарын да су алған. Қала ортасындағы тозығы жеткен бірнеше көппәтерлі үйдің тұрғындары баспанасына кіре алмай отыр.
Түркістан облысы Ордабасы ауданында суицид жасап қаза болған полиция қызметкері бастығын кіналап, хат қалдырған. 12 наурызда болған оқиға бойынша қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Орталық Азия елдерін аралаған Ұлыбритания сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға да келді. Астанада Қазақстан сыртқы істер министрімен және ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескен Кэмерон Азаттыққа шағын сұхбат берді.
«Алға, Қазақстан!» оппозициялық партиясын құрушы бастамашыл топ әділет министрлігіне 24-рет құжат өткізді. Министрліктің қоғамдық қабылдау бөлмесінен оларды полиция далаға шығарып жіберді. Сыртта да әкімдік өкілдері белсендіоерге «заңсыз митинг өткіздіңдер» деп, жауапқа тартылатындарын ескертті.
Астанада өтіп жатқан бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың сотына 22 сәуір күні ресейлік журналист Ксения Собчак қатысты. Соттан хабар таратып жүрген қазақстандық журналистер «Жоғарғы сот Собчакқа ерекше жағдай жасады» деп сынап жатыр.
Солтүстік Қазақстанда 2401 үй суға батқан, 10 мыңнан астам адам туыстарын, Петропавл мен аудандардағы эвакуациялық орталықтарды паналап жатыр. Қалада гуманитарлық пункттер жұмыс істеп тұр. Бірақ жұрт үйсіз қалай өмір сүреміз деп алаңдайды. Билік су қайтпай, баспана туралы айта алмаймыз дейді.
Сәуірдің басында Тобыл өзені тасып, Қостанай облысының орталығын, қалаға жақын төрт ауданды су басып қалды. Тұрғындар бұрын-соңды мұндай апат болмаған дейді. Жергілікті билік 8 сәуірде "қауіп төмендеді" деп хабарлады.
Тағы