Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Павлодар облысы Майқайың кентінде 4 қаңтарда кеніш аумағындағы шұңқырға құлаған автобус пен ішіндегі екі адам әлі табылған жоқ. Туыстары іздеу баяу жүріп жатқанын айтып, лауазымды тұлғаларға бірнеше рет үндеу жариялаған. Бірақ осы күнге дейін не президент, не министр алтын кенішіне келіп,
Маңғыстау облысы Жетібай кентінде 11 желтоқсанда басталған West Oil Software компаниясы жұмысшыларының ереуілі әлі жалғасып жатыр. Бұған дейін жергілікті сот ереулді заңсыз деп тапқан және прокуратура қылмыстық іс ашқан. Ал компания ереуілшілердің кейбірін жұмыстан да шығарған.
Отын-энергетика кешені салалық кәсіподағының төрағасы Құспан Қосшығұлов пен West Oil Software компаниясы кәсіподағының жетекшісі Ақылбек Реймов Азаттыққа сұхбат берді. Айтуынша, талаптарын айтуға Маңғыстаудан Астанаға арнайы келген оларды министрліктер, парламент депутаттары қабылдамаған.
Жетібайдағы West Oil компаниясында істейтін жұмысшылар ереуілі әлі жалғасып жатыр.
Бүгін әлеуметтік желінің бәрінде Алматыдағы зілзаланы талқылап жатыр. Халықтың көбі биліктің жер сілкінісі кезінде кеш ақпарат таратқанына сынап жазғандар көп. Жазбаларды Нұргүл Тапаева шолып шықты.
Астанада сот "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтің ісін қарай бастады. Сот отырысы бастала сала процесс жабылып, іс журналистер мен көпшіліктің қатысуынсыз қаралатын болды.
Қазақстанның 430 әскериі Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік миссиясымен әлемдегі соғыс ошақтарына аттанады. Алғашқы топ биыл көктемде жолға шықпақ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ұсынысын парламенттің қос палатасы бірауыздан мақұлдады.
Қаңтар оқиғасында оқ тиіп қаза тапқан 4 жасар Айкөркемнің өліміне қатысты апелляциялық сот кейінге қалды. Себебі сотталушы денсаулығына байланысты қатыспаған, ал Айкөркемнің әкесі ұшақтан кешігіп қалған.
Маңғыстау облысында бірнеше ереуіл әлі жалғасып жатыр. Ақтау, Жаңаөзен мен Жетібайда мыңға тарта жұмысшы еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп тұр. Олардың бәрі президент пен премьер-министрден көмек сұрайды.
Қазақстанда кейінгі жылдары әкімдер мен министрлердің, депутаттардың жалақысы жиі сөз болып жүр. Қоғамда аталған шенділердің қандай айлық алатыны туралы азды-кем түсінік бар. Бірақ президенттік басқару формасындағы елде мемлекет басшысының жалақысы неге жария емес?
Маңғыстау облысы Жетібай кентіндегі кен орнын күзетін жүздеген адам наразылыққа шықты.
2020 жылы шілдеде Астанада экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні қарсаңында қойылған ескерткіш алынып тасталды. Бұл туралы бүгін әлеуметтік желіде тараған суреттерден белгілі болды. Кезінде Елбасы атында болған әскери университет Назарбаевтың мүсіні не себептен алғанын түсіндірмей отыр.
Түрмедегі Қайрат Сатыбалды былтыр ағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйға тартқан Үшқоңыр резиденциясы орналасқан аумаққа мәжіліс депутаты барып, күзет қойылған қоршаудан өте алмаған. Былтыр Азаттық аумақтағы 10 мың гектар жердің Нұрбол Назарбаевқа қарайтынын зерттеп, жариялаған еді.
Қазақстанда 1 қаңтардан бастап мобильді аударымдарға шектеу қойылды. Бұдан былай бір адамның шотына бір айда 100-ден астам адамның шотынан ақша түссе, ол бақылауға алынады. Осыдан соң көп жерде жұрт қолма-қол ақша талап ете бастады. Бұған жұрт не дейді?
Қазақстанда теміржолда істейтін жұмысшылар жалақыны көтеріп, еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп, әлеуметтік желіде үндеу жариялай бастады. Құрал-сайман ескіргенін, тынығатын орындардың талапқа сай емесін айтқан теміржолшылар салада "былық көп" дейді.
21 желтоқсанда Чехия астанасы Прага халқын суыт хабар аяғынан тік тұрғызды. Қала орталығындағы университет ғимаратында қару ұстаған жігіт 14 адамды атып өлтірген. Оған дейін әкесін мерт қылғаны хабарланды. Қарулы шабуылдан соң ол өзіне қол салған.
Маңғыстау облысы Жетібай кентінде 11 желтоқсанда басталған ереуіл әлі тоқтаған жоқ. West Oil компаниясының жұмысшылары "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясына ауыстыруды, бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесін енгізуді және ескірген көлік-техниканы жаңартуды талап етеді.
Өткен аптада АҚШ-тан әскери көмек ала алмай құрқол қайтқан Владимир Зеленский кеше Еуропа одағына да қаражат бөлгізе алмады. 50 миллиард еуро көмекке Венгрия қарсы болған. Дегенмен Украина Молдовамен қатар Еуроодаққа кіруге бір табан жақындады.
Биыл күзде Астанада Қазақстан мен Ресей президенттері кездескеннен кейін, Өскемен, Семей мен Көкшетауда ресейлік компания жылу электр станцияларын салатыны мәлім болды. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев болашақ ЖЭС-тер көмір жағатынын айтты. Экологтар қоршаған ортаға зиян ЖЭС салуға қарсы.
Тағы