Кенжебек Нұрқасенұлы - 1967 жылы туған. Семей мемлекеттік университетін тәмамдаған. Семейдегі «ТВК-6» телеарнасында, «СолDAT» газетінде, «Қазақ тарихы» журналында жұмыс істеген. Азаттық радиосында 2001 жылдан бері еңбек етеді.
Желтоқсанның 29-күні өткен Қазақстан үкіметінің отырысында елде биылғы жылдың маусым айының 1-інен бастап зейнетақы мөлшерін көтерудің қортындылары тыңдалды. Үкімет жетекшісі Даниал Ахметов республиканың еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Қазақстанның зейнетақы жүйесін дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасын келер жылдың ақпан айының біріне дейін дайындауды тапсырды.
Дүйсенбі күні Астанада өткен Қазақстан үкіметінің отырысында республиканың электр қуаты саласын нарық жағдайында дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған орта мерзімді тұжырымдамасы қаралды.
Осы аптада Астанада өткен алқалы жиында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев республикада жұмыс істеп жатқан бірқатар халықаралық ұйымдар елшіліктерінің атына сын айтып, олардан Қазақстаның ішкі ісіне араласпауын сұраған болатын.
Үстіміздегі жылы Қазақстанда жерді жеке меншікке беру туралы үкіметтің саясатына қарсы шыққан Ерболат Сатыбалды есімді азаматты желтоқсанның 23-күні кешкілік Ақтөбе қаласында белгісіз адамдардың соққыға жығып кеткені мәлім болып отыр.
Желтоқсанның 23-күні Астанадағы Конгресс-Холл сарайында Қазақстан халықтары Ассамблеясының 10 сессиясы болып өтті.
Табиғи шикізат көздері - мұнай мен табиғи газды сатудан мол табыс алып отырған Қазақстан қоғамында осы ресурстарды кімнің бақылайтыны және оларды қалай пайдалану керектігі жиі сөз болады. Желтоқсанның 22-күні Астанада өткен дөңгелек үстел жиынында Қазақстан экономикасының шикізат саласынан түсетін табысты қалыптастыру мен пайдалану жайы талқыланды.
Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалдық-инновациялық стратегиясын жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардың қызметтерін қайта құру қажет.
Желтоқсанның 17-күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елде өлім жазасына мораторий жариялау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы бейсенбі күні журналистерге Қазақстан президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары, мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі Игорь Рогов жария етті.
Қазақстандағы адам құқығын қорғаушы қоғамдық ұйымдар елдегі қамау мекемелеріне қоғамдық бақылау орнату қажетттігін айтып келеді. Бейсенбі күні Астанада Қазақстанның әділет министрлігінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен осы мәселеге байланысты жұмысшы тобының алғашқы отырысы өтті.
Желтоқсанның 11-күні түстен кейін Астанада Қазақстан халықтары қалалық кіші ассамблеясының төртінші сессиясы ашылды. Енді бұл жөнінде Астанадағы тілшіміз Кенжебек Нұрқасенұлының әзірлеген хабарына ден қойыңыздар.
Астанадағы Еуразия ұлттық университетіне кіру үшін баспасөз құралдарының өкілдері оқу орны басшылығының ерекше рұқсатын алуы тиіс. Университет басшылығының мұндай қадамға баруына сейсенбі күні республикадағы орыс тілді орталық ресми басылым – «Казахстанская правда» газетінде жарық көрген мақала себеп болды. Ол мақалада осы оқу ордасындағы жастар арасында есірткіні емін-еркін сатып алуға болатыны жазылған еді.
Үстіміздегі жылдың маусым айында Ақтөбе қаласында тұратын Владимир Колесников есімді зейнеткер Қазақстан Президентінің үстінен Астана қаласындағы Сарыарқа аудандық сотына арызданған болатын. Арыз иесі бірнеше жыл бойына өзінің азаматтық құқықтары бұзылып отырғанын айтып, бұның бір себебі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев республика Конституциясы бойынша өзіне жүктелген міндетін дұрыс атқармай отырғанында деп көрсетеді. Зейнеткер сондықтан өзіне моральдық және материалдық залалды өндіріп беруді соттан сұраған еді.
Астана қаласында өз баласын бөтен біреуге сатып жібергені үшін бір жас әйелді заң орындары тексеріп жатыр. Полицейлердің айтуынша, өткен айда ауылдан қалаға келген әлгі жұмыссыз қазақ келіншегі өзегінен шыққан сәбиін бар болғаны 500 теңгеге сатып жіберген көрінеді.
Соңғы жылдары Қазақстанда героин тәрізді есірткінің ауыр түрлері көбейді. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері мұның негізгі себебін апиын өндірісі жергілікті билік өкілдері үшін бірден-бір қаржы көзіне айналып отырған Ауғаныстандағы жағдаймен байланыстырады. Ресми тұлғалардың айтуынша бүгінгі таңда ТМД елдері арқылы батысқа кететін ауған героинының 70 пайызы Қазақстан жері арқылы тасымалданады.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қарашаның 16-сы күні республиканың «Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт» пен «Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге» қосылуы туралы жарлыққа қол қойған болатын.
Қазақстан президенті республиканың «Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт» пен «Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге» қосылуы туралы жарлыққа қол қойды.
1991 жылдан бастап жыл сайын қараша айының 14-інде – Дүниежүзілік диабет күні атап өтіледі.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының көмекшілері Элизабет Джонс пен Лорн Крейнер қарашаның 11-12-і аралығында Қазақстанда болып қайтты.
Тағы