Кенжебек Нұрқасенұлы - 1967 жылы туған. Семей мемлекеттік университетін тәмамдаған. Семейдегі «ТВК-6» телеарнасында, «СолDAT» газетінде, «Қазақ тарихы» журналында жұмыс істеген. Азаттық радиосында 2001 жылдан бері еңбек етеді.
Қаңтардың 16-сы күні Алматыдағы Израиль мемлекетінің консулдығы орналасқан ғимарат алдына келген төрт адам Газа секторындағы әскери іс-әрекеттерді айыптап, Израиль басшылығына наразылық үндеуін оқыды.
Алматы ауыр машина жасау зауытының негізгі акционері Болат Назарбаев кәсіпорынды таратып, мыңға жуық адамды далада қалдырғалы отыр деп мәлімдейді осы зауыттың бір топ жұмысшысы. Жұмысшылар жағынан табылған қоғамдық белсенді М. Елеусізов мемлекет зауыттың жойылуына жол бермеуі керек дейді.
«Хьюман райтс уотч» халықаралық ұйымының жыл сайынғы дәстүрлі баяндамасында адам құқықтары бойынша сын айтылып жатқан елдердің қатарында Қазақстан биыл тағы да аталып отыр. Елдегі оппозициялық партиялардың өкілдері бұл сынды орынды деп тапса, билік партиясы Қазақстанға берілген бағамен келіспейді.
«Фридом хаус» ұйымының “Әлемдегі бостандық” баяндамасында енді бір жылдан соң Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық еткелі отырған Қазақстан атына айтқан сынына қатысты қазақстандық сарапшылар өз пікірлерін білдірді.
Бүгін Алматыда жер және баспана мәселесі бойынша наразылық митингі өтті. Қала әкімінің рұқсатымен өткен жиынға қатысқан жұртшылық өкілдері өз баспаналары тұрған жер телімдерін заңдастыруды талап етті.
Екі күннен бері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Тараздағы тергеу абақтысында қамауда аштық жариялап жатқан журналист Рамазан Есіргеповтің туыстары оның денсаулығына алаңдаулы. ҰҚК оған қарсы ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша іс қозғаған.
«Алма-Ата Инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргепов Тараз қаласындағы тергеу абақтысында аштық жариялады. Адвокат Анна Пахотаның Азаттық радиосына хабарлауынша, Есіргепов камерада жалғыз отыр.
Бүгін Алматыда баспасөз мәслихатын өткізген канадалық кәсіпкер Адонис Дербас жақында құрылған «Тағдыр» қорына мүше болғанын мәлімдеп, Рахат Әлиевке қарсы осыған дейін айтқандарын тағы қайталады.
Дүйсенбі күні сағат 22.00 шамасында Алматының «Айнабұлақ» шағын ауданында орналасқан «Рамстор» дүкені маңында «Тасжарған» газетінің тілшісі Артем Миусовке белгісіз қаскүнем үш рет пышақ салған.
Алматы қаласының әкімдігі Алатау ауданының территориясындағы азаматтардың өздігінен басып алған жер телімдеріндегі тұрғын үй құрылыстарын бұзбауға уәде берді. "Файнекс корпорейшн" компаниясының басшылығы да жатақхана тұрғындарын қоныстарынан күштеп шығару жөнінде сотқа берген арызын қайтарып алған.
Баспасөз заңына өзгертулер енгізу туралы Үкімет әзірлеген заң жобасын Мәжіліс депутаттарының екінші оқылымда мақұлдауын атқарушы билік өкілдері жылы қабылдаса, журналистер қатты сын айтып жатыр.
Үкімет ұсынған жобада демократиялық принциптер сақталмаған деп атап көрсеткен партия өкілдері оған қатысты пікірлері ескерілмесе, саяси шараларға қатысудан бас тартып, бойкот жариялайтындарын ескертті.
Алматыдағы №1 автопарктың қарамағанда болған екі жатақхананың тұрғындары сейсенбі күні Райымбек көшесін бөгемек болды. Бірақ полиция қызметкерлері наразы топты жолға жібермей қойды.
«Базис А» компаниясына келген белсенділер тобын және «Азат» партиясының басшыларын компания жетекшісі Александр Белович қабылдады.
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысқандардың бір тобы және оппозициялық «Азат» партиясының өкілдері жұма күні Алматы қаласы әкімдігіне келді. Олар осыдан 22 жыл бұрын қазақ жастарының қаны төгілген алаңды қалпына келтіруді талап етті.
Сейсенбі күні кешке Алматыдағы ауданаралық әкімшілік соты оппозициялық “Талмас” қозғалысының жетекшісі Айнұр Құрмановты рұқсат етілмеген пикет өткізгені үшін 15 тәулікке түрмеге жабу туралы шешім шығарды.
Бүгін Алматы қалалық әкімшілік соты алты әйелдің үстінен қозғалған істерді қарауға кірісті. Әлеуметтік жағдайы төмен әйелдер бейсенбі күні қалалық әкімшілік ғимаратына рұқсатсыз енгені үшін жауапқа тартылды.
Сейсенбі күні таңғы сағат 4.30-да ҚР Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Олег Евлоевты Грозныйдан Астанаға арнайы ұшақпен жеткізді. Оған қазан айында Астанада бір әйелді кәмелетке толмаған үш баласымен қоса асқан қатыгездікпен өлтірген деген күдік тағылып отыр.
Бүгін Алматыда шетелдік инвтесторлар кеңесінің 20-шы отырысы өтті. Жиынға төрағалық еткен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік инвесторлардың жұмысына қатысты бірқатар сын айтты.
Бір тәулік бойы АҚШ елшілігінің Алматыдағы өкілдігін паналаған соң сейсенбі кешке елшіліктен шыққан "Алма-ата инфо" газетінің редакторы Рамазан Есіргепов Азаттыққа берген сұхбатында жақын уақытта Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сауалдарына жауап беру үшін Таразға бармақ ойын айтты.
Тағы