Азаттықтың Батыс Қазақстан облысындағы тілшісі.
Батыс Қазақстан облыстық гуманитарлық академиясының шет тілдері факультетін тәмамдаған. "Уральская неделя" тәуелсіз газетінде жұмыс істеген.
Ақтау қалалық сотының бұрынғы төрағасы Мәлік Кенжәлиев зейнетке шыққан соң шалғай ауылға көшіп, асыл тұқымды мал өсіруге кіріскен. Бюрократиялық жүйенің кеселіне кезіккен шаруа үкіметтің ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламалары неге іске аспайтыны жайлы ой-пікірін Азаттыққа айтып берді.
Орал қаласындағы «Ёлочка» саяжайында көктемгі су тасқынынан кейін баспанасыз қалған бес отбасы әкімдіктен үй ала алмай жүр. Олар мемлекеттік мекемелердің табалдырығын тоздырып, қанша шенеунікпен сөйлессе де, мәселенің шешілетін түрі жоқ. Әкімдік оларға «сотқа барыңдар» деген кеңес берген.
Батыс Қазақстан облысындағы екі ауданда төтенше жағдай жарияланды. Қалада қуаңшылық болып, шаруалардың малына шөп жетпей жатыр. Тағы екі ауданда осы себеппен төтенше жағдай жариялануы мүмкін. 5 тамызда кемі бес ауданның шаруалары әкімдікке барып, депутаттармен кездесті.
Оралда көктемгі су тасқыны кезінде баспанасыз қалған 1,5 мыңға жуық адам 4 айдан бері эвакуация пунктерінде — спорт залдар мен жатақханаларда тұрып жатыр. Көбі мемлекеттен үй немесе өтемақы беріле ме деген сұраққа жауап таба алмаған.
Қазақстанда Атом электр станциясын салу жөнінде қоғамдық тыңдау жалғасып, жария талқылау жүріп жатыр. Мақсат – жергілікті халыққа станцияның маңызын түсіндіру. Арнайы комиссия 17-18 шілде күндері Атырау мен Орал қалаларында тұрғындармен кездесті.
Батыс Қазақстан облысындағы жалғыз кәсіби футбол клубы "Ақжайық" 2024 жылы мемлекеттік бюджеттен ақша алмады. Футболшылар басқарушы компания есебінен ойнап жүр. Билік клубқа бөлінуге тиіс 400 миллион теңге (900 мың долларға жуық) су тасқыны шығындарын жабуға жұмсалды дейді.
Орал тұрғыны Демалыс Бисекешев бір жылдан бері калифорниялық шылаушын өсірумен айналысады. Құрттар көң, азық-түлік, көкөніс пен жеміс-жидектің қалдығын өңдеп, табиғи тыңайтқыш – биогумус өндіреді.
Батыс Қазақстан әкімдігі Оралда киіктің мүсінін орнатты. Жергілікті белсенді әуелі жаппай ату туралы шешім қабылдап, кейін оған ескерткіш қойған билік әрекетіне аң-таң. 2022 жылдың күзінде Қазақстан үкіметі «киік санын реттейміз» деп, жаппай киік ату туралы шешімге келген.
Қазынадан жарты миллиард теңгеден астам қаражат бөлініп, күрделі жөндеуден өткен Оралдағы "Шаңырақ" жасөспірімдер үйінің жағдайына тұрғындарының – балалар үйі түлектерінің көңілі толмайды. Бірнеше ай бойы уақытша баспана жағалап, үйіне оралған олар енді ыңғайсыз бөлмелерде тұруға мәжбүр.
Орал іргесіндегі су тасқыны кезінде үйі тұруға жарамай қалған ондаған адам кеше кешке әкімдік алдына жиналып, дереу баспанамен қамтамасыз етуді талап еткен. Ал бүгін оларды полиция ұстап жатыр.
Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында үйлерін тасқын су бүлдірген халық үкіметтен жаңа баспана сұрайды. Олардың көбі саяжай тұрғындары. Бұған дейін төтенше жағдайлар министрі саяжайдағы үйі жалғыз баспанасы болса ғана адамдарға көмек берілетінін айтқан.
Орал қаласы маңында үйлерін су басқан «Комарова» саяжайының тұрғындары далада қалдық деп уайымдайды. Кейбірі пәтер жалдап жүргенін, ас-ауқат табудың қиындағанын айтады.
Оралда бірнеше күннен бері қала іргесіндегі саяжайлар суға кетіп, мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілді. Ресми дерек бойынша, қазірге дейін 117 саяжайды су алған. Кейбір саяжай алабын осы айдың өзінде екінші рет су шайған. Шығынға баттық деген бір топ тұрғын бүгін тағы да әкімдікке жиналды.
Жексенбі, 21 сәуір күні Батыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығы Орал қаласын кесіп өтетін Жайық өзенінің деңгейі көтеріліп, қауіпті межеден – 8,5 метрден асты. Сол күні қатты екпінмен келген су Орал қаласының шағын ауданы – Зачаганск деп аталатын саяжайдың маңайында тұрғызылған бөгетті бұзып кетті. Құтқарушылар мен полицейлер саяжай тұрғындарын шұғыл әрі күштеп эвакуациялады. Ал Жайықтың деңгейі әлі де көтеріліп, су астында қалған үй саны көбейіп барады.
Орал қаласында оннан аса әйел қолөнер шебері Айжан Бекқұловадан киіз басуды үйреніп жатыр. Шебер бес күндік сабағына тұрмысы төмен, көп балалы және мүгедектігі бар әйелдерді іріктеп алған. Бекқұлова "мақсатым — әйелдерге сенімділік сыйлап, жаңа кәсіп бастауға дем беру" дейді.
4 жасар Алла — Ксения Сартаеваның ортаншы баласы. Ксения қызында аутизм барын 1 жас 7 айында бір-ақ білген. Қазір ол ерекше балаларды өмірге бейімдеуге көмектесетін орталық ашуға талпынып жүр. "Бала өзін жалғыз сезінбеуі керек" дейді Алланың анасы.
Ресейде ішінара мобилизация жарияланған соң Оралға көшіп келген Алексей орыс жігіттерін Жайықтың бойын жинастыруға шақырды. «Бізді қабылдаған Қазақстанға осылай алғыс білдірейік» дейді экобелсенді.
Қазақстанның әр түкпірінде 2 қаңтар Жаңаөзенде басталған наразылыққа үн қосқан наразылық жиындары өтіп жатыр. Жүздеген, мыңдаған адам қатысқан жиындарда әлеуметтік, саяси ұрандар айтылып, халық билікке талап қойды. Көп қалада наразылық толастаған жоқ. Азаттық тілшілері куә болған және әлеуметтік желіде шыққан кей көріністер.
Қазақстанның бірнеше қаласында билікті сынап, елдегі саяси жүйенің өзгеруін талап етіп жүрген белсенділер полицияға шақырылып жатыр. Олар құзырлы органның бұл әрекетін 20 қарашаға белгіленген митингімен байланыстырады.
Тағы