Нұргүл Алина – Азаттықтың Петропавлдағы тілшісі. 1990 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Заң және әлеуметтік білімдер магистрі.
Азаттықпен 2016 жылдан бері әріптес.
Петропавл қаласында шыбын-шіркей көбейіп кетті. Мамандардың айтуынша, бұған көктемгі су тасқыны әсер еткен. Әкімдік шыбын-шіркейден құтылу үшін бюджеттен 2016 жылы 4 миллион теңге жұмсаса, биыл 7 миллион 400 мың теңге бөлген. Ал тұрғындар дәрілеу жұмыстарынан нәтиже шығатынына сенбейді.
Петропавлдағы жол жөндейтін компанияның жұмысшылары желтоқсан айынан бері жалақы алмағандарын айтады. Ал бас кеңсесі Астанада орналасқан "К-Дорстрой" компаниясы өкілінің сөзінше, "республикалық бюждеттен ақша түспей жатыр".
Солтүстік Қазақстан облысындағы тасқыннан зардап шеккен кей тұрғындар су тартылып жатса да үйлеріндегі судың шығарылмағанын, антисанитарлық жағдайда тұрып жатқандарын айтады.
Солтүстік Қазақстан облысындағы тасқыннан зардап шеккен кей тұрғындар жергілікті билік әлі күнге үйлеріндегі суды шығаруға жәрдемдеспей жатыр дейді. Олардың кейбірі туыстарының үйінде, ал тағы бір тобы мектепте тұрып жатыр. Мектептегілер өздерінің антисанитарлық жағдайда тұрып жатқандарын айтады.
Солтүстік Қазақстан облысындағы жергілікті билік пен төтенше жағдай қызметкерлерінің мәліметінше, өңірде су деңгейі төмендеп келеді. Бірақ тұрғындар судың беті қайтып бара жатқанына сенбейді.
Петропавлда «Кансам» компаниясымен шарт жасасқан үлескерлер баспанасыз қалды. Компанияның өкілі құрылыстын аяқталмауын жергілікті биліктен көреді.
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны күшейіп барады. Сергеев су қоймасындағы су қалыпты шамадан 1,3 есеге, Петропавл су қоймасында 1,15 есеге асып кеткен. Ресми ақпарға қарағанда, облыста 224 үй су астында қалған.
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы маңындағы "2617-километр" және "2618 километр" шағын аудандары су астында қалды. Тұрғындардың кейбірі 10 күннен бірі шатырда тұрып жатыр.
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы Косогор шағын ауданында 15 үй суға кетті. Бұған дейін 5 мыңдай саяжай мен 200-дей үй су астында қалған. Баспанасыз қалған тұрғындардың кейбірі көлікте түнеп, енді біреулері үйдің шатырын мекендеп жатыр.
Солтүстік Қазақстан облысындағы Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданының маңынан ағып жатқан Есіл өзеніндегі су тасқынынан Прибрежный мен Тепличный ауылдарының тұрғындары зардап шегіп жатыр. Ол өңірде 5 мыңнан астам саяжай су астында қалған.
Солтүстік Қазақстанда облысындағы Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында төтенше жағдай жарияланды. Прибрежное мен Тепличное ауылдарын су басты. Облыс бойынша суда қалған үйлердің саны 171-ге жетті. Ол маңнан 700-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Ақтөбе облысы әкімдігінің хабарлауынша, тасқын шығынын есептейтін арнайы комиссия құрылған. Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі де "зардап шеккен тұрғындар көмексіз қалмайды" дейді.
Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласының "Былғары зауыты" шағын ауданында жүздеген үйді су басты. Қалада төтенше жағдай жарияланып, ол үйлердің тұрғындарын эвакуациялап жатыр. Бұл іске басқа өңірлерден де құтқарушылар шақырылған.
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданындағы Глубокое көлінде балық қырылып жатыр. Жергілікті тұрғындар "мұндай жағдайды алғаш көруіміз" дейді.
СҚО Шал ақын ауданы Кеңес ауылы тұрғындарының үш үйір жылқысы суға кеткенін айтады. Тұрғындар 90-ға жуық жылқының 30-ын ғана құтқарып қалған.
Солтүстік Қазақстан облысында 7 ауыл су астында қалды. Тасқынан ең көп зардап шеккен -Ғабит Мүсірепов ауданы.
Көктемгі су тасқыны қаупі Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарын алаңдатып отыр. Соңғы бірнеше тәулікте күн күрт жылынып, Петропавлда үйлерін су басқандар көбейіп барады. Тұрғындар жергілікті билік көмек көрсете алмай отыр дейді.
Совет заманының ойыншықтары мен бұйымдарын көрем деушілерге Петропавлда арнайы мұражай ашылған. Мұнда Совет Одағы кезінде балалар ойнаған қуыршақтар мен машиналар қойылған.
Өзбекстанның Сурхандария облысындағы бір балабақшадағы қатыгездік пен сексуалдық қызметті бейнелейтін видеолардың соңы шенеуніктер мен кінәлілерді жұмыстан шығаруға және соттауға түрткі болды.
Қазақстан президенті көрші елмен "үлгілі қарым-қатынас" орнағанын айтса, Ресей президенті Астананы Сирия келіссөзі үшін мақтады. 27 ақпан 2017 жыл.
Тағы