Нұргүл Алина – Азаттықтың Петропавлдағы тілшісі. 1990 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Заң және әлеуметтік білімдер магистрі.
Азаттықпен 2016 жылдан бері әріптес.
Оңтүстіктен солтүстікте қоныс аударған отбасы тұрмыс жағдайына байланысты ол жаққа тұрақтай алмағанын айтады. Теріскей өңірдегі жергілікті билік олардың субсидия қаржысын қайтаруын талап етеді.
Риода өткен олимпиадада қола медаль алған спортшылардың бірі – петропавлдық боксшы Дариға Шәкімова.
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Чистое ауылын көктемде басқан су әлі қайтпаған. "Тоқтау су көгеріп, балдырланып, иістеніп жатыр" дейді тұрғындар.
Петропавлдық спортшылар Италиядағы әлем чемпионатына қатысу үшін қаражат таппай жүр. Жас тхэквондошыларға бюджетте ақша қарастырылмаған.
Петропавл қаласында қантты арзандау бағаға, килограммын 240 теңгеге сататын жерде жұрт кезекке тұрып қалды. Кезек көбейген соң сатушылар бір адамға 5 килограмм қант қана сатып жатыр.
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық соты «Сириядағы халықаралық террористік ұйым құрамында болып, әскери іс әрекеттерге қатысуды жоспарлаған» деп айыпталған Марат Өмірзақовты 7 жылға соттады.
Петропавлда «Сириядағы террористік топтардың қызметіне қатысы бар» деп айыпталған азаматтың соты өтіп жатыр.
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Молодогвардейское ауылының тұрғындары жекешелендіру кезінде әр азаматқа пай ретінде тиген 20 гектар жерлерін жалға алған мекеменің беретін ақысын азсынады.
Петропавлдағы татар-башқұрт қауымдастығының «Дін-Мұхаммад» мешіті бірнеше жыл жүріп, ақыры тіркеуден қайта өтті.
Петропавлда Ақтөбедегі шабуыл салдарынан каза тапқан азаматтарды еске алды. 9 маусым 2016 жыл.
Петропавлды маса буып, тұрғындарға маза бермей тұр. Дезинфекциялаушы мамандар масаны шамаларынша дәрілеп жатқанын жатқанын айтады. Масамен күреске 2,2 миллион теңге берген жергілікті билік тағы 2 миллион теңге бөлмек.
Петропавл қаласында баспанаға зар тұрғындар арасында балалары не өздері науқас жандар да бар. Қалада 2014 жылдан бері мұқтаж адамдарға арнап бірде-бір үй пайдалануға берілмеген.
Петропавлда қырғыз мәдениетінің фестивалі өтті. Шараны қалада 2006 жылы құрылған "Манас - Петропавл" қырғыз қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған.
Қазақстанның барлық мектептерінде соңғы қоңырау шарасы өтті. Петропавл қаласындағы кейбір мектеп бітірушілер ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) тапсырмайтынын, шет елдердегі оқу орындарына кететіндерін айтады.
Петропавлдағы көп қабатты үйлердің бірінің тұрғындары кәсіпкердің аулада бильярд клубы мен дүкен салу жоспарына наразы. Қала билігі өкілі бұл жер жекеменшік болғандықтан тұрғындарды құрылыс иесімен мәмілеге келуге шақырды.
Мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша Солтүстік Қазақстанға көшкен кейбір отбасылар жаңа тұрмысқа көңілдері толмай қайтып жатыр.
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы Донецкое ауылын бір ай бұрын су басқан кезде жергілікті билік тұрғындардың шеккен шығындарын толық өтеп беруге уәде еткен. Кейін арнайы комиссия құрылып, табиғат апатынан жапа шеккендерге өтемақы бөліне бастаған. Бірақ Донецкое тұрғындарының кейбірі бүл
Петропавлда 2016 жылы Қазақстан мен Ресей президенттерінің аймақаралық форумы өтеді деп жоспарланып, үш қонақ үй салынбақ болған. Бірақ кейін форум Астанада өтетін болды. Ал Петропавлда салынуы керек отельдердің құрылысы басталып та кеткен. Бірақ тұрғындар бұл ғимараттарды салғанға қарсы.
Солтүстік Қазақстандағы астық қоймасының 30-ға жуық жұмысшысы бір жылдан бері жалақыларын ала алмай жүр. Жергілікті билік жұмысшыларға қарыз ресейлік компанияның ісі қаралып жатқанын айтады.
Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласына жақын маңдағы Бескөл ауылын әлі су басып жатыр. Ауыл маңындағы Гусиное көлі еріген қар суы кесірінен арнасынан асып кеткен.
Тағы