Нұргүл Алина – Азаттықтың Петропавлдағы тілшісі. 1990 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Заң және әлеуметтік білімдер магистрі.
Азаттықпен 2016 жылдан бері әріптес.
Солтүстік Қазақстан облысында шаруа қожалығын ашқысы келген жүзден астам тұрғын серіктестік құрамынан шыға алмай жүр. 1Жергілікті кәсіпкер екі жылдан бері пай беруді де тоқтатты1 деп наразы. 1Жем-шөпсіз отырған пай иелері ауылдағы малды сатуға мәжбүрміз1 дейді. Ал серіктестік басшысының өз уәжі бар.
Жаңа оқу жылы басталып кетсе де, Солтүстік Қазақстан облысындағы кей мектептерде күрделі жөндеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Мектеп асханасы да жұмыс істемейді. Соған қарамастан оқушылар сабаққа барып жүр. Ата-аналар балаларын мектепке бірнеше қабат киім кигізіп жіберуге мәжбүр екендерін айтады.
Петропавлда көп балалы отбасының балалары жаңа оқу жылына дайын емес. Сегіз баланың анасы балаларының барлығын бірдей мектепке әзірлеуге қауқарсыз.
Көктемде биліктен көмек сұраған петропавлдық бес балалы отбасы жаз аяқталар шақта әкімдікке тағы келді. Облыс әкімдігі «көп балалы әйелдің атында үш жыл бұрын баспана болғандықтан, үй беру мәселесі қарастырылмайды» деді.
Солтүстік Қазақстан облысында жүзге тарта отбасы жылдар бойы жарықсыз өмір сүріп жатыр. Петропавл қаласының маңында орналасқан бірнеше ауылға электр жүйесі тартылмаған. Биліктің айтуынша, трансформатор мен бағаналарды сатып алуға бюджетте қаржы жоқ.
Солтүстік Қазақстан облысында жеміс-жидек пен көкөніс қымбаттады. Сатушылар мұны көтерме сауда бағасының өсуімен түсіндіреді. Бағаның қымбаттауы әлеуметтік жағдайы төмен жандарға қиын тиіп отыр.
Петропавлда жаз басынан бері жеміс-жидек пен көкөніс қымбаттады. Сатушылар оның себебін көтерме сауда бағасының өсуімен түсіндіреді. Ресми статистика дерегінше, шілдеде инфляция деңгейі 0,2 пайызды құраған.
Солтүстік Қазақстан облысының билігі аймақтағы Прогресс ауылын «болашағы жоқ» деп жапқан. Бірақ осы ауылда тұрып келген ерлі-зайыпты зейнеткерлер Борис Петренко мен Валентина Курчаева қаңырап қалған ауылдан көшпей қалып қойған.
Солтүстік Қазақстанда болашағы жоқ ауылдар жабылып жатыр. Былтыр облысқа келген еңбек және әлеуметтік қорғау министрі тұрғындар саны он адамнан аспайтын елді мекендердің таратылатынын айтқан. Былтыр Мамлют ауданында екі ауыл жабылды. Солардың бірінде бір ғана отбасы өмір сүріп жатыр.
Cолтүстік Қазақстан облысындағы Қазақстан-Ресей шекара бекетінде жүк көліктерінің кептелісі пайда болды. Жүргізушілер кезекте сағаттап тұруға мәжбүр екендерін айтады.
Еден жуып, ақша табатын ана "табысым күн көріске жетпейді" дейді.
Петропавлда 2018 жылы төселген асфальт қопарылып жатыр. Жөндеу жұмыстарының сапасыз болғанын қаладағы арнайы мониторинг тобының мүшелері де растайды.
Петропавлда жыл басынан бері төрт автобус өртенген. Облыстық автокөлік одағы қалада он жылдан бері қоғамдық көліктер жаңармағанын айтады.
Петропавлда вагон жасайтын "ЗИКСТО" зауытында бірнеше айдан бері жалақыларын ала алмай жүрген 300-дей жұмысшы ғимарат алдына жиналды. Басшылық ай соңына дейін жалақы берілетінін айтты.
Солтүстік Қазақстан облысындағы ауыл Ресейдің рублі мен телефон байланысын пайдаланады. Ауылда ауыз су жоқ. Халық әкімдік жұмысына шағымданады.
Солтүстік Қазақстанда қорықта жұмыс істейтін маман тапшы. Қазір облыста мемлекеттік шағын 6 табиғи қорық пен 46 аң шаруашылығы бар. Ол жерлерді 2 мыңнан астам елік пен мыңнан астам марал мекендейді.
Петропавлда апатты және ескі үйлерде тұрып жатқан зейнеткерлер наразылық білдірді.
Петропавлда бес баласымен ескі жер үйде тұрып жатқан Меруерт Төленова бір күні үйіміз құлап қала ма деп қорқады. Еріген қар суы баспананың жертөлесінде толып қалады.
Петропавлда аутизмi бар балаларын бала бақша мен мектепке қабылдамайтындығына ата-аналары наразы. Олар перзенттерін үйде оқытуға мәжбүр екенін айтып шағынады.
Петропавлда 150-ге жуық отбасы ипотекаға алған үйлеріне кіре алмай жүр. 2018 жылы желтоқсанда берілуі тиіс болған тұрғын үй әлі дайын емес. Жергілікті билік тұрғын үйдегі жұмыстары мамырдың соңына дейін аяқталады деп сендіреді.
Тағы