Нұргүл Алина – Азаттықтың Петропавлдағы тілшісі. 1990 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Заң және әлеуметтік білімдер магистрі.
Азаттықпен 2016 жылдан бері әріптес.
Солтүстік Қазақстанда Ресейге көшетіндер көбейді. Облыстың кейбір ауылдарындағы үйлерді саусақпен санауға болады.
Солтүстік Қазақстан облысының бірнеше тұрғыны "денсаулығына байланысты жұмыс істей алмайтындарын айтып, биліктен мүгедектік сұрайды. Ал жауапты маман олардың талабымен келіспейді.
Мемлекеттік бағдарлама аясында Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен солтүстік аймаққа қоныс аударғандар "әкімдік бастапқыда берген уәдесін орындамады" дейді.
Петропавлда бірнеше көпқабатты үйдің 30 шақты тұрғыны шатыр жөнделмей, төбеден өткен су электр қондырғылар мен жиһаздары жарамсыз болғанын айтып шағымданды.
Қостанай облысы Қарасу ауданының жұмыспен қамту орталығы Қазақстанның оңтүстігінен солтүстігіне мемлекеттік бағдарламамен көшіп келіп отбасыны сотқа берді.
Солтүстік Қазақстан облысындағы Тюменка ауылының тұрғындары ауыз суға жарымай, лас әрі сасық су ішуге мәжбүр болып отырғандарын айтады. Билік өкілдері ауыз су мәселесін биылғы жылы шешуге уәде береді.
Солтүстік Қазақстан облысында мектеп бітірушілердің көбі Ресейге оқуға кетеді. Кейбір мектептерде бұл көрсеткіш 80 пайыздан асады. Мектеп басшылығы Ресей қалаларын жақын, оқу ақысы арзан екенін айтады. Жергілікті сарапшы Ресейге кеткен жастардың "көбі қайта келмейді" дейді.
Петропавлда жылдап пәтер кезегінде тұрған мүгедектер әлі күнге дейін баспанаға қол жеткізе алмағандарына наразы.
Петропавл қаласынын 13 километр қашықтықта орналасқан Қызылжар ауданы Якорь ауылы он жылдан бері ауыз судан тапшылық көріп отыр.
Петропавлдағы апатты үйде тұрып жатқандар "бір түні құлаған үйіндінің астында қаламыз-ау" деп қауіптенеді.
Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзені тасып мыңнан астам саяжайды су басты. Қала сыртындағы үй иелері су келгелі саяжайларға жету қиындағанын айтады. Тұрғындар бұл мәселенің жыл сайын қайталанатынына наразы.
Петропавлда төрт жылдан бері апатты жағдайда тұрған екі қабатты үйдің қабырғасы опырылып түсті. Тұрғындардың өміріне қауіп төндіріп тұрған бұл баспана жайында "Азаттық" наурызда хабарлаған. Құлағалы тұрған үйге әкімдік өкілдері мен құтқарушы мамандар келді.
Солтүстік Қазақстан облысында Қызылжар ауданындағы Новоникольск ауылына өтетін көпірді су шайып кетті. Тұрғындардың облыс орталығына баруы қиындаған. Әкімдіктің айтуынша, су деңгейі санаулы күнде үш жарым метрге дейін көтерілген.
Петропавлда 300-ден аса адам өмір сүріп жатқан үйдің иелері баспаналарының құлауға шақ қалғанын айтады. Жатақхана ондаған жылдан бері жөндеу көрмеген.
Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылындағы оралман отбасы "Нұрлы көш" бағдарламасы бойынша уәде етілген баспана ала алмай жүр.
Петропавлда еріген қар суы үйлерге кіре бастады. Тұрғындар әкімдік әрекетсіз отыр деп шағымданады. Ал қала әкімі жағдайды бақылап отырғандарын айтады.
Петропавлда қарттар үйінде тұрғысы келетін қарияларға орын жетпейді. Облыс орталығында жалғыз жекеменшік мекеме бар, оның өзі 31 орынға ғана шақталған. Ал әлеуметтік мекемелер қызметін үйлестіруші мамандар қалада қосымша қарттар үйін ашудың қажеті жоқ дейді.
Ата-анасының қамқорлығынсыз өскен жастардың жетімдер үйінен шыққан соң барар жері жоқ. Жергілікті билік бұл проблемадан хабардар
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Покровка ауылына әлі күнге дейін ауыз су тартылмаған. Тұрғындар ішуге өзен суын, кір жууға қар суын пайдаланады.
"ДК Өндірістік кешені" компаниясының жұмысшылары үш айдан бері жалақыларын ала алмай жүр.
Тағы