Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.
Астанада 14-інші Еуразия медиафорумы шетелдік баспасөз өкілдерінің мастер-класымен ашылды. Олар жергілікті кей журналистерде дүдәмал ой туғызды.
Қазақстанда кемсітуге ұшыраған әйелдерге қандай көмек көрсетіледі? Ондай жағдайға тап болғандар өз құқықтарын қалай қорғауды біле ме? AzattyqLIVE тақырыпты адам құқығын қорғау бюросының Қостанайдағы филиалының жетекшісі Анастасия Миллермен талқылады.
Жергілікті БАҚ бір жыл бұрын тағайындалған Астана әкімі Әсет Исекешевті қала проблемаларын Facebook желісі арқылы қадағалап, шешіп отыратын шенеунік деп атайды. Бірақ Қазақстанның жаңа астанасының әлеуметтік проблемаларының көбі әзірше шешілмей келеді.
Жезқазғанда тұратын азаматтық белсенді Берік Жағыпаров «Қазақмыс» компаниясына қарасты «Жомарт» кенішінің персонал қызметі бөлімі бастығы Мұрат Шегірбаевтан Facebook желісі арқылы кешірім сұрады. Бірақ ертеректе жала жабу ісін қараған сотта тараптар бітіміне келісетінін мәлімдегенімен, кешірім мәтініне Мұрат Шегірбаевтың көңілі толмайды.
Астанадағы 67-мектеп-гимназиясының кей мұғалімдері «директор оқу ісі меңгерушілері арқылы ақша жинап, ақша бопсалаумен айналысты» деп мәлімдейді. Мұғалімдердің шағымынан кейін оларды жала жапқаны үшін директордың өзі сотқа берді. Білім басқармасы өкілдері ақша жинау дәлелдері анықталған жоқ деп мәлімдейді.
Қазақстандағы ЛБК әйелдердің жағдайын алғашқы зерттеу көрсеткендей,олардың көбі жыныстық өзгешелігі үшін зәбір көріп, кемсітушілікке ұшырадық деп шағымданады. Сауалнама нәтижелері негізінде БҰҰ-ның адам құқығы комитетіне ұсынылатын есеп әзірленбек.
Қазақстандағы кейбір дінтанушылар радикалдық діни көзқарасты насихаттайтын кейбір адамдарға қатысты «туа біткен экстремизм» түсінігі бар дейді. Басқа мамандар бұл терминнің легитимділігіне күмән келтіреді. «Радикалды діни қозғалыстың» бұрынғы мүшесі туа бітті ашушаңдық өсе келе радикалдануға әкеп соғады деп санайды.
Астанада энергетика саласындағы адам құқығын бұзу құнын зерттеудің кей нәтижелерін таныстырды, бірақ зерттеудің өзі көпшілік үшін жабық болып шықты. Ал зиянды өндірісте елдің әр төртінші тұрғыны жұмыс істейді.
Астанада бала құқығы жөніндегі уәкіл жанынан құрылған мониторинг тобына арналған екі күндік тренинг бүгін аяқталады. Оған қатысушылар бала құқығын кепілдікпен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жабық балалар мекемелерін тұрақты әрі тәуелсіз түрде қоғамдық бақылаумен айналысады деп жоспарланған.
Қазақстанда түрме аумағында орналасқан жалғыз балалар үйінде сүт-айран, жеміс езбелері және жөргектер жетіспейді. Азаматтық белсенділер түрмеде жаза өтеп жатқан аналарымен бірге тұрып жатқан балалардың жағдайын зерттеу нәтижелерімен таныстырды.
Алматыда терроризмді насихаттады деген айып тағылған Жанна Өмірованың ісі бойынша сот басталды. Әлеуметтік желідегі оның парақшасынан «терроризмді уағыздаушы Саид Бурятскийдің дәрістері» табылған. Екі баласы бар жас келіншектің терроризм айыбымен сотталған күйеуі қазір түрмеде жазасын өтеп жатыр.
Астананың Алматы аудандық 2-соты кәсіподақ жетекшісі Әмин Елеусіновті «кәсіподақтың сеніп тапсырған қаржысын жымқыру», «полицейлерге тіл тигізу, бағынбау және оларға күш қолдану» айыптарымен екі жылға түрмеге кесті.
«Жала жапты» деп айыпталған азаматтық белсенді Берік Жағыпаровтың ісін қарау Жезқазған қалалық сотында мамырдың 5-іне белгіленді. «Қазақмыс» өкілі оны қылмыстық жауапқа тартып, «моральдық зиян ретінде» 2 миллион теңге өтемақы өндіріп беруді талап етеді.
ЕҚЫҰ Қазақстанның Жоғарғы сотына кіру режимі ережесін халықаралық құқықтық стандарттар мен ұлттық заңдарға келушілерді соттарға қатыстыру және ашық сот отырыстарына бару тұрғысынан сәйкестендіруді ұсынды.
Астананың Сарыарқа аудандық 2-соты «Иегова куәгерлері христиандар қауымы» діни бірлестігінің 60 жастағы мүшесі Теймур Ахмедовті «діни алауыздықты қоздыру» айыбымен бес жылға соттады. Ахмедовтің адвокаттары үкіммен келіспей, «клиентіміз арнайы қызмет ұйымдастырған арандатудың құрбаны болды» дейді.
Маңғыстаулық кәсіподақ жетекшісі Әмин Елеусіновтің ісіне қатысты жәбірленуші деп танылғандар Астана сотында енді куәгер ретінде түсінік берді. Қашан куәгерге айналғаны және сотталушыдан төрт жыл бұрынғы кәсіподақ жарналарын кері қайтаруды неліктен дәл қазір талап етіп жатқандарын ешқайсысы түсіндіре алмады.
Қазақстанда екі жарым миллион адам баспана кезегінде тұр. Олардың бір бөлігі – мемлекеттік «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары, өзгелері әкімдік арқылы бөлінетін мемлекеттік баспананы күткендер.
Қазақстанның кей қалаларында тұратын Евангелие христиан баптистерінің бірлесіп құлшылық етуін жергілікті билік тіркелуден бас тартқандардың жиыны ретінде бағалап, айыппұл салған. Діндарлар тіркеуге тұру талабы «діни ұстанымымзға қайшы» деп санайды. Құқық қорғаушылардың да пікірі осындай.
Астанада алдын ала сот басталғанға дейін сотталушы кәсіподақ жетекшісі Әмин Елеусінов денсаулығына қатысты шағымданды
Былтыр Қазақстаннан 38 мыңға жуық адам Ресейге кетіп, азаматтық алған. Қазір Ресей университеттерінде 69 мың қазақстандық студент оқиды. Қазақстанда жұрт олардың бір бөлігі енді елге ешқашан оралмайды деп санайды.
Тағы