Хадиша Ақаева - Азаттықтың Шығыс Қазақстан облысындағы тілшісі. Шәкәрім атындағы университетті журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Армения және Грузиядағы басылымдарда тәжірибеден өткен. Азаттықпен 2019 жылдан бері серіктес.
Қаңтар оқиғасы кезінде омыртқасына оқ тиген белсенді Дәулет Мұқажанов қазір мүгедектер арбасында отыр. Оның жұлыны зақымданып, қос аяғы жансыздана бастаған. Дәрігерлер шғыл шетелде емдету керегін айтады. Тұрмысы қарапайым отбасының оған мүмкіндігі жоқ.
Ресейдің Украинаға басып кіруі Қазақстан қоғамына қалай әсер етті? Желідегі қайшылық сепаратизм қаупіне ұласуы мүмкін бе?
6 қаңтарда Семейде билік күштері алаңға наразылық шарасына жиналған бейбіт халыққа оқ атқан. Арқасынан оқ тиген белсенді Дәулет Мұқажанов күрделі отадан кейін жүре алмай қалды. Шетелдегі қымбат оңалту шарасынан өтсе, аяғынан тұрып кетуі мүмкін. Бірақ оған қажет ақшаны төлеуге отбасының жағдайы жоқ.
9 наурызда сарапшылар теңгенің долларға шаққандағы бағамы 700:1 болады деп күткенімен, жұрт болжағандай қатты өзгеріс болған жоқ. Ұлттық банк франкфурт аукционын өткізгеннен кейін доллар бағамы 510 теңге маңайына тұрақтады. Бұл нені білдіреді және ары қарай не болмақ?
Ресей әскерінің Украинаға басып кіруі, соғыс, Батыс санкциясы, рубльдің құлдырауы. Теңгенің құнсыздануына әсер еткен оқиғалар тізбегін осылай сипаттауға болатындай. Экономист Айман Тұрсынхан қаржы дағдарысы қаңтар оқиғаларынан кейінгі капиталды сыртқа шығару тенденциясынан басталғанын айтады.
Қорлау, тұншықтырып есінен тандыру, зорлауға талпыныс. Қаңтар оқиғаларынан кейін ұсталған семейлік белсенді Райгүл Садырбаева абақтыда азапталғанын айтады. Жақтастары белсенді "азаматтық ұстанымы үшін" қудалауға түсті деп санайды.
5 қаңтарда Павлодар облысы Екібастұз қаласында 500 адам митингіге шыққан. Шара бейбіт өткен: ешқандай бұзақылық не полициямен қақтығыс болмаған. Ертеңіне полиция жүзге тарта адамды, яғни, митингіге шыққан әрбір бесінші азаматты ұстаған. Олар қамауда жатқан кезде таяқ жеп, қорлық көргенін айтады.
Семейде 6 қаңтарда Жандос Жотабаев, 10 қаңтарда Елдос Қалиев ұсталған. Екеуі де полицияның уақытша ұстау мекемесінен тірі шықпаған. Денесінде ұрып-соғу ізі қалған қос азамат та жұмбақ жағдайда көз жұмған.
Ұрып-соғу, үстіне қайнаған су құю, денесіне ыстық үтік басу, электрошокермен азаптау. Қаңтардағы дүрбелеңде және одан кейін ұсталған азаматтардың азаптауға ұшырағаны жайлы шағым көбейді. Билік әрқайсын мұқият зерттеуге уәде етеді. Құқық қорғаушылар биліктің зерттеу жүргізуге құлықсыз екенін айтады.
Қазақстан билігі қаңтар оқиғаларынан кейін елдегі мәйітханаларға өлген 225 адам жеткізілгенін хабарлады. Марқұмдардың аты-жөні жарияланған жоқ. Көп азамат әлі күнге жаппай наразылықтан кейін жоғалып кеткен туыс-жақынын таба алмай жүр.
Семейдің орталық алаңында мыңға жуық адам жиналып, наразылық білдіріп жатыр. Арасында «Әкім, шық!». «Шал, кет!» деп айқайлап жатқандар көп. Полицияның жасағы қалқан ұстап, қалалық әкімдікті күзетіп тұр. Халық бейбіт мақсатпен талап қойып тұрғандарын айтып жатыр.
Шығыс Қазақстанда Шүлбі және Өскемен су электр станциялары бар. Олар Қазақстан тұтынатын энергияның едәуір бөлігін береді. Жақында осы екі станция құрамында шетел инвесторлары бар консорциумға сатылмақ. Мамандар бұл сатылымның күдікті тұсы көп дейді.
2021 жылдың тоғыз айында 25 мың қазақстандық басқа мемлекетке қоныс аударып, Қазақстанға жеті мың адам көшіп келген. Қазақстан азаматтарының көбі қоныс аударған елдер арасында Ресей, Германия мен Польша тізім басында тұр. Кейінгі кезде Түркияға көшетіндер де көбейген. Ресми дерек бойынша, жыл басынан бері 74 азамат "бауырлас елге" көшуді ұйғарған. Бірақ бұл статистика шынайы жағдайды көрсетпейді және мұның өз себебі бар.
Қазақстанда ресейлік нөмірі бар көлік жүргізушілері бірнеше қалада наразылық білдірді. Арыз-шағымдарына қарағанда, соңғы күндері полиция оларды жаппай тексеріп, айыппұл салып, көліктерін алып кетіп жатыр. Бұны наразылар биліктің қарапайым халыққа көрсетіп отырған қысымы деп бағалайды.
Азаттықтың үш өңірдегі тілшілері қаланың орталық көшелерін аралап, жұрттың қымбатшылық туралы ойын білді. Сұхбат берген адамның көбі үкіметтен ахуалды реттеуді сұрайды, кейбірі бағаның өсуіне үйреніп, үкімет көмегінен күдер үзген. Әріптестерім «қымбатшылық отбасыңызға қалай әсер етті?» деп сұрады.
Өткен сенбіде Семей мұғалімдері уақытын мектепте емес, көшеде өткізді. Барлық ұстаз қолына қап пен тырмасын ұстап, қала орталығында қураған жапырақ жинады. Мұндай тапсырманы қала әкімінің орынбасары берген. Әкімдік өкілі мұны мәселе көрмейді. "Сенбілікке шығып жатқан жалғыз мұғалімдер емес" дейді ол.
2020 жылғы қарашада Семейде бір үйдің ауласынан 27 жастағы жігіт өлі табылған. Ол көз жұмғаннан кейін смартфонындағы банк қосымшасын біреу ашып, несиеге алған ақшасын ұрлап кеткені кейін анықталды. Кісі өліміне күдіктілер әлі табылған жоқ. Төрт полицейге марқұмның ақшасын ұрлады деген айып тағылған.
Сырты түскен, шатырынан су ағып, қабырғасы жарылған үйлер. Мұндай көрініс Қазақстанда жаңадан пайдалануға берілген, әсіресе, мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған тұрғын үйлерде жиі кездеседі. Сарапшылар мұның төркінін құрылыс саласындағы кәсіби біліктіліктің төмендеуінен, жемқорлықтан іздейді.
Тағы