Хадиша Ақаева - Азаттықтың Шығыс Қазақстан облысындағы тілшісі. Шәкәрім атындағы университетті журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Армения және Грузиядағы басылымдарда тәжірибеден өткен. Азаттықпен 2019 жылдан бері серіктес.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Юлия Миронова журналист Жанар Асылханованы "жала жапты" деп айыптап, полицияға арыз жазды. Бұл - биыл маусымда "жала жабу" бабы Қылмыстық кодекстен Әкімшілік кодекске ауыстырылғаннан кейін елде ақпарат құралы өкіліне қарсы қозғалған алғашқы іс.
Қазақстанның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) республикалық бюджет тапшылығын жабатын бюджеттен тыс қорға айналған. Қордың инвестициялық саясаты нашар, көрсеткіштері де төмен. Мемлекеттік қордың инвестициялық портфелін талдап көрген экономистер осындай қорытындыға келген.
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы Тұғыл ауылы тұрғындары жарты жылдан артық уақыт ауыз сусыз отыр. "Ақ бұлақ" мемлекеттік бағдарламасы бойынша Тұғылда салынған су құбыры желісі істемейді. Жұрт жергілікті депутат басқаратын мердігер компанияның құрғақ уәдесіне тойғанын айтады.
"Қазақстан – шахтерді жеңілдік берілетін кәсіп санамайтын жалғыз постсоветтік ел. Өзге елдердегі әріптестеріне қарағанда қазақстандық шахтер зейнетке 10-13 жылға кеш шығады" дейді кенші Серік Жұмаділов. Ол шахтер, металлург пен мұнайшының зейнетке шығу жасын төмендетуді талап етіп, петиция жазған.
Демократиялық партия құру жөніндегі бастамашыл топтың ұйымдастыруымен 13 қыркүйекте Алматы, Қарағанды, Ақтөбе мен Семейде халыққа несие амнистиясын жариялау, саяси тұтқындарды босату, жерді шетелдіктерге сатпау талабымен жергілікті әкімдік келісімін берген митинг өтті.
Семейдің Водный мен Восход ауылдарының тұрғындары ел президентіне әлеуметтік мәселелерін шешуді сұрап арызданды. Елдің көкейкесті проблемасы – таза ауыз судың жоқтығы.
Қазақстанда тар жерде бір-біріне жақын зәулім үй салу мегаполистерде ғана емес, аймақтағы қалаларда да кездеседі. Семей тұрғындары үйіне баратын жол мен терезесін күннің көзінен жабатын құрылыспен күресуге мәжбүр болып отырғанын айтады.
Белгілі қазақ ойшылы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ақынның туған жері Семейді көркейту жұмыстарына миллиардтаған теңге бөлінді. Бірақ қала мерейтойды әдемі, жаңа қалпында қарсы алмады.
Жыл сайын қазақстандықтар қаржы пирамидаларына миллиардтаған теңгені "жинап береді". Кейінгі бес жылда "қаржы пирамидасын құру" бабы бойынша 555 іс қозғалған.
Семейден 20 шақырым жердегі Балтатарақ елді мекені 22 жылдан бері жарықсыз отыр. 1990 жылдары электр сымын ұрлап кеткен, содан бері жаңа желі тартылмаған. Билік ауыл мәртебесінен айырған қоныста қазір ондаған адам тұрады, көбі мал ұстайды. Олар жарық келсе, мұндағы өмір жанданар еді деп армандайды.
6 маусымда Қазақстанның бірнеше аймағында да билікке қарсы наразылық өтті. Алайда оларды ойларын айтып үлгерместен полиция әкетті. Жиналғандар биліктен саяси тұтқындарды босатуды, жерді сатпауды, несиені кешіруді талап етті.
Сәуірде Аягөздегі балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында төрт бала қаза тапқаннан кейін, Қазақстан билігі елдегі барлық мемлекеттік медициналық-санитарлық мекемелерде тексеру жұмыстарын жүргізетінін мәлімдеді. Қайтыс болған балалардың денесі қатты жүдегені белгілі болды.
Бір жыл бұрын Қостанай тұрғыны Артем Марусич ағылшын тілін білмейтініне, алға қойған нақты бір мақсаты жоғына қарамастан, АҚШ-қа көшкен. Ол осылай Қазақстандағы достары мен туыстарын тастап, мыңдаған шақырым жердегі бейтаныс елді бетке алған.
2015 жылы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семейде Қарағайлы деп аталған жаңа аудан салу туралы бағдарлама қабылдады. Оған қоныстанған тұрғындар ықшамаудандағы жаңа үйлердің қабырғасы жарылып, инфрақұрылым дамымағанына шағынады.
Қазақстан жергілікті жердегі карантин шараларына байланысты шешімді жергілікті орандардың өз бетінше қабылдауына рұқсат берді. Азаттық «Қазақстанда шектеу шараларының бірыңғай стандарты неге жоқ?» деген сұраққа жауап іздеп көрді.
Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен және Семей қалаларында сәуірдің 2-сінен бастап блокпосттар қойылып, шектеулер енгізілді.
Коронавирус пандемиясы мен мұнайдың күрт арзандауы экономистер "ерекше" және "терең" деп атаған жаңа әлемдік дағдарысқа әкелді. Қазақстан үкіметі коронавирусқа байланысты енгізілген төтенше жағдай кезінде экономиканың құлдырауына жол бермеу үшін дағдарысқа қарсы шаралар дайындауға кірісті.
Наурыздың 19-ы күні "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев шартты жазамен бостандыққа шықты. Қазақстандық құқық қорғаушылар "саяси тұтқын" деп таныған Жәкішевті Семейдегі колония қақпасы алдында елдің әр аймағынан келген ондаған белсенді қарсы алды.
11 жылға жуық түрмеде отырған "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев 19 наурызда шартты жазамен бостандыққа шықты. Қазақстандық құқық қорғаушылар "саяси тұтқын" деп таныған Жәкішевті Семей түрмесінің алдына Қазақстанның әр аймағынан жиналған белсенділер қарсы алды.
Тағы