Кинотанушы, журналист. Лондонның Куин Мэри университетінің PhD зерттеушісі. Орталық Азияның мәдениеті мен интеллектуалдық тарихы, деколонизация және феминизм тақырыптарында қалам тербейді.
Осыдан он жыл бұрын "Қазақстанда жыл сайын жүзге жуық отандық фильм кинотеатрдан көрсетіледі, олар орыс киносын ығыстырып, Голливуд фильмдерінен бәсекелес болады" деген сөз орындалмас арман секілді көрінетін. Бірақ бүгін сол арманның орындалғанын көріп отырмыз.
Қазақстанда қазақша киноиндустрияда серпін байқалады, қазақ тілінде түрлі талғамға сай туынды көп шығып жатыр. Бірақ қазақстандық кино шынымен қазақша сөйлей ме? Таза қазақша емес, көбіне "шалақазақша" сөйлейді. 2012-2023 жылдары жарық көрген 380 отандық фильмді талдап, осындай тұжырым жасадық.
Қоғамда деколонизация импульсі күшейген сайын "қазақты адам қылған – орыс" деген сияқты нарративтерді тықпалайтын ақпарат көздері жандана түскенін байқауға болады. Жалпы, бұл үрдіс бір күнде туындаған жоқ, берісі жүз жылдан бері қоғам санасына құйылып келе жатқан лепес.
Қазақстанда кейінгі жылдары қазақ тілінде кітап шығаратын баспалар қатары едәуір кеңейді. Қазақ тілін дамыту үшін сапалы контент қалыптастыру керек, бұл орайда отандық авторлармен қоса, оқырман сұранысына ие әлем әдебиетінің озық үлгілерін қазақшаға аудару маңызды дейді баспа ісімен айналысып жүрген мамандар. Қандай әдебиетке сұраныс бар? Шетел әдебиетін қазақшаға аудару ісі қалай жүріп жатыр? Баспагерлер пікірін тыңдадық.
Режиссер Данияр Саламаттың Бейімбет Майлин әңгімелеріне негізделген "Талақ" жобасы көп жылдық кідірістен кейін былтыр "Ұлттық киноны қолдау орталығының" қолдауына ие болған. Биыл Шанхай халықаралық кинофестивалінде бас жүлде алды. Кинотеатрларда әлі көрсетіліп жатқан фильм жайлы түрлі пікір көп.
Қазіргі қазақ киносы ойсыздығы мен тойшылдығы, жасандылғы мен керітартпалығы үшін cыналып жүр. Бірақ ара-тұра экранға қазақтың ұлттық болмысы, мінез-құлқы туралы ойлануға шақыратын ойлы дүниелер де шығады. Сол тұрғыда биыл кинотеатрларға жол тартқан үш фильмге шолу ұсынамыз.
Мағжан Жұмабаев десе алдымен оның ұлтшылдығы, күрескерлігі мен махаббат лирикасы еске түседі. Оның әйел теңдігі туралы шығармаларын совет идеологиясының тар шеңберінде суреттейтіндер де бар. Патриархал қоғамда өмір сүрген ақынның феминистік идеалдарына, ол ұмтылған әйел теңдігіне көз салып көрейік.