Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Астанада қымбатшылықтан шаршадық деген бір топ тұрғын президентпен кездесуді талап етті. Ақордаға бармақ болған көп балалы, жалғызбасты жиырма шақты әйелдің жолын арнайы жасақ бөгеді.
Астана әкімі лауазымын босатқан 44 жастағы Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды. Ол Астанаға 2019 жылы әйелдер наразылығы күшейіп тұрғанда әкім болып келген. Экс-әкімге тұрғындар әртүрлі баға береді.
Астанада жаңаөзендік әйелдер наразылық пикет өткізіп, президенттен Жаңаөзен әкімін жұмыстан алып тастауды талап етті. Олардың сөзінше, "жергілікті билік тұрғындар шағымына құлақ аспайды, мәселені шешуге құлықсыз". Талаптарын жеткізбек болған екеу Ақорда жаққа өте алмады.
Астанада президент Қасым-Жомарт Тоқаев ант беріп, бес жылдан жеті жылға ұзарған президенттік қызметіне кірісті. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы оған президент куәлігін тапсырды. Ұлықтау рәсіміне бұрынғы президент те қатысты.
Ресми дерек бойынша, Қазақстанда 623 мың адам пәтер кезегінде тұр. Соның жетпіс пайызы тұрмысы төмен отбасылар. Тұрғындар үй кезегі жылдар бойы жылжымайтынына жиі шағымданады. Елде баспаналы болу неге қиын?
Қазақстанда өткен президент сайлауында "бәріне қарсымын" графасын таңдағандар 6 пайызға жуық. Бәріне қарсы дауыс бергендердің өзге кандидаттардан озып кетуін депутаттар "демократияның көрсеткіші" деп дәріптейді. Бірақ сарапшы билік бұл графаны енгізу "саяси реформаның имитациясы" дейді.
17 қарашада ҰҚК "билікті қарумен басып алып, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған" 7 адамның ұсталғанын хабарлады. Оларды қуғындағы банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов басқаратын ұйыммен байланыстырады. Ұсталғандардың туыстары олардың экстремист емес екенін айтады.
Қазақстандағы бірнеше тәуелсіз бақылаушылар ұйымы жұмыстарына кедергі көбейгенін айтып, дабыл қағады. Бірінің жарығын өшіріп, жоспарланған тренинг өткізуге арналған конференц залды беруден бас тартса, енді біріне жеке мәліметтерімізді жария етті деп шағым түсірген.
Қазақстан президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау штабы қорға 900 миллион теңге қаражат аударған еріктілердің кім екенін айтпады. Азаттық тілшілеріне штаб ішін аралатқан өкіл үгіт-насихаттың әлеуметтік желіде қалай жүріп жатқанын көрсетті.
Мәжіліс төрағасы әрі президентікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың штабын басқарып жүрген Ерлан Қошанов 11 қарашада өтетін саяси дебатқа Тоқаевтың бармау себебін түсіндірді.
Астанада Қазақстанның әр өңірінен жиналған қырық шақты адам президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездестіруді талап етті. Әркімнің шағымы әр түрлі. Жиналғандармен президенттің сайлаудағы сенімді өкілдері сөйлесті.
Үш партия мен онаннан аса ұйым бірігіп ұсынған қазіргі президент әрі президентікке кандидат Қасым Жомарт Тоқаевтың үгіт-насихаты қызып тұрса да, оның Астанадағы орталық штабы жабық тұр. Штаб жұмысын көруге барған әріптестерім есіктен кіре алмай, терезеден сығалауға мәжбүр болды.
Алдағы кезектен тыс президент саулауына түсетін Жигули Дайрабаев ел аралап жүр. Оның штабы кандидаттың атын шығару үшін хайпты да әбес көрмейді.
Президент сайлауына қатысатын кандидаттардың үгіт-насихатты бастағанына 10 күн болды. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының үміткері Астанадағы штабында тұрғындарды қабылдап, арыз-шағымдарын қабылдап жатыр. Ол "жүйені өзгерту үшін билікті парламент алуы керек" деп есептейді.
Қаңтар оқиғасына қатысып, істі болғандарға рақымшылық жасау туралы заң жобасын үш депутат қолдамады. "Халыққа оқ атқандарды жауаптан құтқаруға болмайды" дейді бірі. Бас прокуратура қаңтарда "бірде бір полицейдің қасақана қылмыс істемегенін" айтады.
Оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин бастаған топтың құжатын қабылдап алған әділет министрлігі "Алға, Қазақстан" атты партия құруға тағы да келісім бермеді. Әзірше себебі белгісіз. Бұған дейін министрлік олардың құжатын "сайлау және саяси партиялар туралы заңға қайшы" деп екі рет кері қайтарған
Ресей президенті Владимир Путиннің 12-14 қазан күндері Астанаға келуіне байланысты әлеуметтік желіде қарсылық күшейді. Құқық қорғаушы, саясаттанушылар мен қарапайым азаматтар оның Украинаға ашқан соғысын айыптап, Қазақстанға сапарына тосқауыл қоюды талап етеді.
Президент сайлауына кандидат ұсынбай, Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдайтынын мәлімдеген "Қазақстан халық партиясы" съезінде төраға Ермұхамет Ертісбаев батысты айыптап, Ресейді жақтап ұзақ сөйледі. Оның бұл уәжін парламенттегі кейбір партияласы қолдамаған.
Украинадағы соғысқа барудан қашып, Қазақстанға өткен мыңдаған ресейліктің бірі – Олеся Яхно. 29 жасар дәрігер мобилизация туралы Путин жарлығы шыққан күні Мәскеудегі наразылық митингісіне қатысқан. Кейін өзіне де шақыру келген соң апыл-ғұпыл жиналып, көрші елге өтіп кеткен.
"Ауыл" партиясы съезінде президенттікке үміткер ретінде Жигули Дайрабаевтың кандидатурасы ұсынылды. Оны партия мүшелерінің барлығы-дерлігі қолдап, дауыс берді. Айта кету керек, ол - Қазақстандағы 20 қарашаға белгіленген кезектен тыс президент сайлауына ұсынылған алғашқы ресми кандидат.
Тағы