Кенжебек Нұрқасенұлы - 1967 жылы туған. Семей мемлекеттік университетін тәмамдаған. Семейдегі «ТВК-6» телеарнасында, «СолDAT» газетінде, «Қазақ тарихы» журналында жұмыс істеген. Азаттық радиосында 2001 жылдан бері еңбек етеді.
Қазақстанның халық әртісі, актер Құдайберген Сұлтанбаев жексенбі күні кенеттен қайтыс болды. Әріптестерінің айтуынша, танымал актердың ажалы жүрек дертінен болған.
Желтоқсанның 10-ы күні Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағында совет-герман соғысының қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлына тұрғызылған ескерткіш салтанатты жағдайда ашылды.
Алматыда «Абайдың қара сөздері» жазылған үнтабақ пен 2010 жылы www.azattyq.org вебсайтында жарияланған үздік блог-жазбалар жинағының тұсаукесер кеші өтті.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қарашаның 16-cы күні Алматыда жазушы Дулат Исабековпен кездескені туралы хабарлады Ақорда сайты. Азаттық радиосы осы кездесуде әңгіме тақырыбы не жайында өрбігені туралы жазушыдан сұраған еді.
Халықаралық журналистерді қорғау комитеті Тараз түрмесінде аштық жариялап жатқан Рамазан Есіргеповтің жағдайына алаңдайтынын айтып, Қазақстан билігін оны түрмеден тезірек босатуға шақырды. Жұма күні түрмеде журналистпен адам құқын қорғаушы Руслан Халидов пен арнайы прокурор кездесті.
Бейсенбі күні Қазақстан компартиясы белсенділерінің шағын тобы Алматы қаласы әкімінің кеңсесіне талап-хат тапсыруға келді. Ал, хатты қабылдап алуға шыққан шенеуніктің ғимараттан шығуынан кіруі тез болды.
Алматының Медеу аудандық соты «Алма-Ата инфо» газеті мен оның штаттан тыс тілшісіне қарсы жергілікті кәсіпкердің берген талап арызы бойынша азаматтық сот ісін қарауды бастады.
Бүгін «Тасжарған» газеті мен автор Алмас Көшербаевтың апелляциялық шағымын қараған Алматы қалалық соты оларға Медеу аудандық соты салған айыппұл мөлшерін 30 млн теңгеге (шамамен 200 мың доллар) дейін көбейтті. Құқық қорғаушылар сот шешмінің саяси астары бар дейді.
Сенбі күні Алматыда «Азат» партиясы ұйымдастырған наразылық жиынына бір жарым мыңдай адам қатысты. Митингте сөйлегендер елдегі қаржы-экономикалық дағдарыс пен әлеуметтік проблемаларды шеше алмаған үкіметті отставкаға жіберу туралы талап айтты.
«БТА Банк» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы М. Әблязов пен басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ж.Жәрімбетов қызметтерінен кетірілді. Әблязовтың атынан жарияланған мәлімдемеде үкіметтің бұл қадамы - «мемлекеттік рейдерлік» делінген. Оншақты күн бұрын ғана Әблязов Ақордада қабылдауда болған еді.
Бүгін Астанада Қазақстан Парламенті Мәжілісінің жұмыс тобында талқыға түскен интернетті реттеуге арналған заң жобасы Конституцияға, халықаралық құжаттарға қайшы келетінін айтып, бірқатар журналистік ұйымдар тағы да сынға алды. Олар соңғы он жылдың көлемінде алғаш рет жұмыс тобының құрамына енгізілмеді.
Аса қауіпті қылмыскерді жасырды деп айыпталған қазақстандық оппозиция қайраткерлерінің өздеріне қатысты істің Медеу аудандық сотында қаралуына қарсылық білдіріп берген өтінішін судья Мәди Көшікбаев қанағаттандырмай тастады. Бұл шешімге келіспеген айыпталушылар қалалық сотқа шағым түсірмек.
Қаңтардың 23-і күні Алматыға Таяу Шығыстан 4 әйел мен 12 бала ұшақпен келді. Солардың бірі - бес баланың анасы, 25 жасар палестиналық Әмина Блюзбен Азаттық радиосының тілшілері кездесіп, сұхбаттасқан еді.
Бүгін Алматыдағы Медеу аудандық сотында аса қауіпті қылмыскерді жасырды деп айыпталған қазақстандық оппозиция қайраткерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды. Оппозиция өкілдері мен адам құқығын қорғаушылар бұл істі қозғауға заңды негіз жоғын алға тартып отыр.
Қаңтардың 21-і күні Алматыдағы «Алтын орда» базарында жұмыс істейтін бір топ кәсіпкер сауда орындарының жалдық төлемін азайту туралы талаппен, базардың жанынан өтетін автокөлік жолын жауып наразылық танытты. Базар әкімшілігі алдағы екі айға төлем мөлшерін төмендеткенін айтып отыр.
Қаңтардың 20-сы күні Алматыдағы «Алатау-1 Еуропа» базарындағы сауда орындарын жауып, жұмысқа шықпай наразылық танытқан жеке кәсіпкерлер орындарды жалға алғаны үшін төлем мөлшерін азайту туралы талап қойды. Базардағы жағдайды білуге барған Азаттық тілшісіне әкімшілік базар аумағында ақпарат жинауға рұқсат бермеді.
Бүгін аштық акциясын бастаған «Халыққа баспана қалдырайық» қозғалысына мүше бір топ адам үкіметтен стрестік активтер қорынан проблемалық несиені сатып алу үшін бөлінген қаржыны игеруге қатысты шараларды тездетіп қолға алуды талап етуде.
Қаңтардың 19-ы күні Қазақстан парламентінде интернеттегі веб-сайттарды реттеуге арналған заң жобасының таныстырылымы өтті.
Жексенбі күні Азаттықтың Алматыдағы мультимедиа-редакторы Ермек Болтайды белгісіз біреулер жабылып ұрып-соғып кеткен. Қаскүнемдер оның ешбір затын алмай, оқиға болған жерден тез қашып кеткен.
Алматының Медеу аудандық соты «Тасжарған» газетінің меншік иесі «DAT-XMedia» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен газет авторы Алмас Көшербаевқа қарсы Мәжіліс депутаты Ромин Мадиновтың берген талап-арызын ішінара қанағаттандырып, депутаттың пайдасына газет пен А.Көшербаевтан жалпы сомасы 3 млн теңге өндіріп алуға шешім етті.
Тағы