Нұргүл Алина – Азаттықтың Петропавлдағы тілшісі. 1990 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Заң және әлеуметтік білімдер магистрі.
Азаттықпен 2016 жылдан бері әріптес.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылының тұрғындары «төрт жылға жуық уақыттан бері тиесілі пайларын (үлеспұлдарын) ала алмай жүргендерін» айтып, «БАТ» серіктестігіне тиесілі жерлерін қайтарып алмақ болып сотқа жүгінді.
Солтүстік Қазақстандағы Бескөл ауылының тұрғындары «тиесілі пайларын ала алмағандарына» наразы. Олардың жерін жалға алған серіктестік «халыққа үлестерін беріп жүргенін» айтады.
1943 жылы Чернобыль қаласында қаза тапқан Совет Одағының батыры Әбу Досмұхамбетовтің туыстары жауынгер сүйегін туған жеріне алып келуді сұрайды.
Петропавлдағы Егемен Қазақстан көшесіндегі бес қабатты жатақхана апатты деп танылса да, адамдар тұрып жатыр. Әкімдік 1980 жылдары салынған ғимаратты жөндейтінін айтады.
Петропавлдағы саябақты жаңғырту жұмыстары кезінде көне зеңбірек табылды.
Петропавл тұрғындары көкөніс пен жеміс-жидек бағасы биыл еселеп өскенін айтады.
Петропавл билігі мәдениет саябағына 2008 жылы орнатқан ескерткіштерді де алып тастады. Тұрғындар паркті бұлай жаңартумен келіспейді.
Петропавлдағы ЕС164/3 түзету мекемесінде сотталушылар арасында жазғы спартакиада ойындары басталды. Жер митингісінен кейін сотталып, осында жіберілген Макс Боқаев пен Талғат Аян спартакиаданың ашылу салтанатына қатысқан жоқ.
Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев көктемде тасқын су басқан Солтүстік Қазақстан облысына барды.
«Қазақстаннан шетелге тұрақты өмір сүру үшін көшетін халық саны көбейіп барады» дейді мамандар. Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасы қызметкерлерінің сөзінше қоныс аударушылардың көбі Ресей, Германия және Беларуське кетеді.
Мамандар шетелге көшкен қазақстандықтар көбейгенін айтады. Олардың дені Ресейге, Германия мен Беларуське кетеді.
1937-1938 жылдардағы саяси репрессияға 80 жыл толады. «Халық жауы» деп атылып кеткен Мағаз Сағындықовтың баласы Болат Мағазұлы репрессия әулетке ауыр тигенін айтады.
1937-1938 жылдардағы СССР-де жүрген саяси репрессия – «Үлкен террорға» биыл 80 жыл толады. Осы ретте Азаттық репрессияға ұшыраған адамдардың ұрпақтарының бірімен тілдескен еді. Петропавл қаласы тұрғыны Болат Мағазұлының әкесі Мағаз Сағындықовтың «Халық жауы» ретінде атылып кеткен. «Бір жасында жетім қалған» ол репрессиядан зардап шеккенін дәелделдей алмай жүргенін айтады. Ал жергілікті прокуратура өкілдері мәселенің шешілмеуін заңға сілтейді.
Петропавлда құрылыс жұмыстары кезінде табылған адам сүйектері бір ғасыр бұрынғы тарихи оқиғаларды еске салды. Жергілікті кей мамандар азамат соғысы жылдары қаза тапқан чех легионерлері осында жерленген болуы мүмкін деген болжам айтады.
"Петропавлдағы ЕС-164/3 колониясында жазасын өтеп жатқан атыраулық белсенді Макс Боқаев 24 маусымда аштық акциясын тоқтатты" деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті медициналық қызметінің басшысы Кирилл Кирилл Помазанов.
Петропавл қаласында алғаш рет "Қымызфест" ұлттық сусын фестивалі өтті. "Қызылжар жастары" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырған шарада облыстың барлық ауданынан әкелінген қымыз ұсынылып, сусынды дайындау ерекшеліктері көрсетілді.
Солтүстік Қазақстандағы Бостандық ауылында тұрғындарға тиесілі жер кепілге қойылып, кейін қайтарылмаған қарыздың өтеміне сот орындаушылары оны аукцион арқылы сатып жіберген. Бірақ егістік жерді кепілге алған "Астана финанс" лизингтік компаниясы жердің сатылып кеткенінен хабарсыз.
Петропавл қаласының тасқыннан зардап шеккен тұрғындары билік тағайындаған өтемақы көлемімен келіспейді. Олар бөлінген қаражат үйлерін толықтай жөндеуге жетпейтінін айтады. Қалалық әкімдіктің хабарынша, Петропавлда бірде-бір үй апаттық жағдайда деп танылмаған.
Тасқыннан зардап шеккен Петропавл қаласының тұрғындары өтемақы көлемімен келіспейді. Олар бөлінген қаражат үйлерін толықтай жөндеуге жетпейтінін айтады. Қалада бірде-бір үй апаттық жағдайда тұр деп танылмаған.
Петропавл қаласы Максим Горький көшесінен жергілікті биліктің талабы бойынша көшуге міндеттелген кей тұрғын әкімдік ұсынған үйге барғылары келмейді. Тұрғындар ол үйдің "бұрын апатты деп танылғанын" айтады. Билік ол пікірмен келіспейді.
Тағы