Нұргүл Алина – Азаттықтың Петропавлдағы тілшісі. 1990 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Заң және әлеуметтік білімдер магистрі.
Азаттықпен 2016 жылдан бері әріптес.
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Новопокровка ауылындағы орта мектеп әлі жөнделіп бітпеген. Қолына күрек, сыпыртқы ұстаған мұғалімдер де жұмыс істеп жүр. 40 жыл жаңармаған оқу орнына қаражат кеш бөлінгендіктен жөндеу жұмыстары бөгелді дейді тұрғындар.
Солтүстік Қазақстан облысының Астраханское ауылы тұрғындары жергілікті шаруа қожалықтың пай үшін беретін ақысына наразы. Соның кесірінен мал баға алмай, тұрмыс қиындағанын айтады.
Қазақстан мектептерінің көбі жаңа оқу жылы алғашқы тоқсанда сабақты онлайн форматта оқытады. Алайда елдегі үш миллионнан астам оқушының арасында интернетке қолы жетпегені, компьютері жоқтары көп. Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласында да көп оқушы сабаққа дайын емес.
Коронавирус пандемиясы талай адамды тұрақты табысынан айырды. Әсіресе күн көрісі той-томалаққа байланысты өнерпаздарға ауыр тиді. Кейбірі күн көріс үшін амалсыз кәсібін өзгертіп, басқа салаға кетіп жатыр. Солардың бірі - петропавлдық Диляра Сабыр.
Петропавлда қолөнер бұйымдарын сататын саудагерлер биліктен жұмыс істеуге кедергі жасамауды сұрайды. Тауарларын қаланың орталық көшелерінде сататын тұрғындар сауда істеуге рұқсаты бар болса да полицейлердің жиі тексеретінін айтады.
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы орталық саябақ жұмысшылары карантин кезінде жұмыс тоқтап, табыссыз қалғандарына шағымданды.
Петропавл тұрғыны әкесі пневмониядан көз жұмған соң қаладағы ауруханаларға көмектесіп жүр.
Саудагерлер карантинде табыссыз қалғандарын айтады.
Петропавлда он шақты әйел атаулы әлеуметтік көмектің азайып қалғанына шағымданды. жұмыспен қамту орталығына жиналды.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел медицинасы вируспен күреске дайын болмағанын мәлімдеп, 13 шілдені ұлттық аза тұту күні деп жариялады.
22 мамырда Пекинде жұмысын бастаған Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Гонконг қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жаңа заңды күн тәртібіне шығарды. Ұсынылған заң ұсынылған заң жобасы Гонконгте «сатқындықты, сепаратизмді, бүлікті болдырмау, тоқтату және жазалау» көздейді.
Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 коронавирусының мүлде жойылып кетпеуі мүмкін екенін айтады. Ал Қытай індеттің екінші толқыны бола ма деп қауіптенеді.
Әлемде коронавирус жұқтырғандар 3 миллионнан асты. АҚШ-та 1 миллионнан көп және 60 мыңға жуық адам қайтыс болған. Көз жұмғандар саны Вьетнам соғысының құрбандарынан да асып кеткен. Әлемнің кей елдерінде коронавирустан қайтыс болғандарды күні-түні жерлеп жатыр.
Еуропа елдерінің кейбірі вирус жұқтырғандар саны азайғанын айтып, карантинді жеңілдетті. Бірақ Ұлыбритания дәрігерлері асықпау керек деп есептейді. Ал АҚШ-та алғаш рет иттен коронавирус анықталды.
Қазақстанда CОVID-19 коронавирусына байланысты карантин жариялағаннан бастап барлық спорт залдары мен стадиондар жабылған, жарыстар да тоқтаған. Бірақ профессионал спортшылар жаттығуын үзбеген. Әркім өз үйінде, ауласында шынығып, карантиннен кейінгі жарыстарға дайындалып жүр.
Өткен аптада ғана Ресей мен Сауд Арабиясы өндіріс көлемін азайтуға келіссе де кешеден бері әлемде мұнай арзандады. Кейбір БАҚ Солтүстік Корея президенті жүрегіне операция жасатқанын жазып жатыр. Австралия карантин шектеулерін келесі аптадан бастап азайтпақ.
Петропавлда қар еріп, көктемгі тасқын болып жатыр. Төтенше жағдай департаментінің және «Қазгидромет» орталығының мәліметінше, Есіл өзеніндегі су деңгейі 10 метр көтерілген. Республикалық маңызы бар жолдар жабылған.
Бүкіл әлем COVID-19-дың қауіпті екенін айтып жатса да халқын «алаңдатқысы келмейтін» президенттер бар. Бірі тұрғындарға «арақ ішуге» кеңес береді, бірі «адыраспан тұтатыңдар» деп тапсырады. «Спортпен шұғылданатынын» айтқан тағы бірі вирусты кәдімгі тұмаудан қауіпті емес деп есептейді.
C0VID-19 коронавирус қаупіне байланысты карантин енбеген, төтенше жағдай жарияланбаған ел кемде-кем. Бәрі де тәртіп бұзғандарды жазалайды. Кейбірі соттайды, кейбірі көп мөлшерде айыппұл арқалатады. Олардың арасында Қазақстан да бар.
АҚШ президенті Дональд Трамп Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын (ДДСҰ) қаржыландыруды тоқтатуға бұйрық берді. Оның сөзінше, ұйым коронавирусқа байланысты АҚШ пен Қытай арасындағы қайшылық кезінде Пекиннің сөзін сөйлеп кеткен.
Тағы