Нұргүл Алина – Азаттықтың Петропавлдағы тілшісі. 1990 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Заң және әлеуметтік білімдер магистрі.
Азаттықпен 2016 жылдан бері әріптес.
COVID-19 коронавирусын жұқтырғандар саны әлемде екі миллионға жуықтады. Індет 120 мың адамның өмірін қиды. Сауығып шыққандар да аз емес.
10 сәуір күні Ақтөбе қаласында елу шақты жедел жәрдем қызметкері үкімет уәде еткен қосымша ақы алмағанына наразылық білдірді. “Коронавирус жұқтырғандарды емдейтін дәрігерлермен бірге жүреміз, бір жерден тамақ ішеміз” деген фельдшерлер COVID-19 дертін жұқтырып алу қаупі жоғары екенін айтады.
COVID-19 жұқтырған Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон реанимацияда жатыр. Бұған қарамастан Еуропа елдері індеттің таралуы бәсеңдеп келе жатқанын айтады. Ал вирус ошағы Ухань қаласында 8 сәуірден бастап тұрғындардың жүріс-тұрысына еркіндік беріледі.
COVID-19 коронавирусының тарауына байланысты қазір әлем елдерінің түгелге жуығы карантин жариялаған. Миллиардтаған адам баспанасынан шықпай отыр. Кейбір елдерде полиция көшеде бейсауат жүргендерді таяқтап ұрып, үйіне кіргізеді. Кейбір мемлекетте маска тақпай жүргендерге айыппұл салынады.
Солтүстік Қазақстан облысында "жұртты рұқсат етілмеген митингіге шақырды" деген айыппен он тәулікке қамалған 26 жастағы ауыл мұғалімі Нұрбол Өнерхан мектептегі жұмысынан босатылып, әскерге шақыртылды. Мұны белсенділігімен байланыстырған Нұрболдың сөзін билік өкілдері жоққа шығарады.
Петропавлда мүгедек зейнеткерлер баспанаға мұқтаж. Қазір олар құлаудың аз-ақ алдында тұрған үйлерді паналауға мәжбүр. Көп жылдан бері пәтер кезегінде тұрған қарияларға әкімдік «күтуден басқа амал жоқ» дейді
Солтүстік Қазақстан облысында жер дауы. Айыртау ауданының тұрғындары "халықтың жері сатылып жатыр" деп наразы. Айтуларынша, аймақты пайға алған компания жерді жұрттың келісімінсіз кепілдікке қойып, кредит алған.
Солтүстік Қазақстан облысында тегін дәрі алушылар тізіміндегі жұрт дәріхана алдында бірнеше күн кезек күтуге мәжбүр. Емделушілер ай сайын мемлекеттен берілуі тиіс дәрі-дәрмектерді "былтырғы қарашадан бері алмадық" дейді.
24 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин 2019 жылы халықтың табысы 5,5 пайызға өсті деп мәлімдеді. Жұрттың табысы шынымен өсті ме?
Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылында зейнеткер ұзындығы жүз метрге жуық сырғанақ жасаған. Айтуынша, сырғанақты екі ай дайындаған. "Балаларды қуантқым келді" дейді қария. Сырғанаққа өзге ауылдардан, қаладан келушілер де көп.
18 қаңтарда Петропавлда Жуков және Қизатов көшелерінің қиылысындағы автотұрақта 70-тен астам шетелдік нөмірі бар көлік иелері жиналды. Жүргізушілер үкіметтен көліктерді заңдастыру кезінде жеңілдік жасауды талап етті. Полиция "бұл мәселе нақты шешілгенге дейін" жүргізушілерді "жазаламайтынын" айтты.
Солтүстік Қазақстан облысында Есіл ауданындағы Қарағаш ауылында бір айдан бері таза су жоқ. Су тазартатын қондырғы бұзылып қалған. Тұрғындар лай су ішіп жүргендерін, көрші ауылдан тасып әкелуге кедір-бұдыр жол кедергі екенін айтады.
18 желтоқсан - Халықаралық мигранттар күні. Петропавлда мигранттар Азаттық тілшісіне құқықтарының бұзылып жатқанына шағымданды. Олар еңбек мигранттарын «маусымдық жұмысшыларға» теңеп, салық төлеуді міндеттейтін жаңа заң жобасына қарсымыз дейді.
Петропавлда "Нұрлы жер" бағдарламасымен пәтер алғандар баспананы көріп құлазып қалды. Айтуларынша, үйдің қазіргі күйі өмір сүруге қолайсыз. Су мен газ қосылмаған. Кей пәтерде жылу да жоқ.
Петропавлда «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған үйлер сатылмай тұр. «Сонечный-2» деп аталатын жаңа ықшам ауданда 80-нен артық жер үй салынған. Тұрғындар ешқандай инфрақұрылымы мен әлеуметтік нысандар жоқ ауданнан баспана алудан бас тартып жатыр. Ал сатып алғандар болса үйдің сапасы сын көтермейді д
Түркістан облысынан солтүстікке қоныс аударған отбасы кері қайтқалы жатыр. Осыдан үш ай бұрын Шал ақын ауданына бала-шағасымен көшіп келген Күнсұлу уәделі көмекті ала алмағанына қапалы. Суық үйді жалдап, жан бағып келген үш балалы әйелге жәрдем берілмегенін әкімдік мойындап отыр.
Петропавлдық 24 жастағы Әлішер Хамзин – түрлі темірден бұйым жасайтын жас шебер. Жарты жыл бұрын кәсібін бастаған ол мұндай іске «жұмыс таппаған соң келгенін» айтады. Әлішер суық әрі тар шеберханасында кәсібінің қиындығы мен қуанышы туралы айтып берді.
Солтүстік Қазақстан облысының бірнеше тұрғыны кредитті кешірілетіндер тізіміне ілінгенімен банктен алған несиесі әлі жабылмағанын айтады. Әлеуметтік қорғау мекемесі мамандары тұрғындар деректері енгізілген базада қателіктер болғанын алға тартады.
Солтүстік Қазақстанда ата-аналар мектептегі электронды күнделік жүйесіне қарсы. Байланыс нашар ауылда электронды форматтағы Күнделік.кз-ті қолдану мүмкін емес дейді олар. Толығырақ тілшіміз Нұргүл Алина тарқатады.
Петропавлда ескі баспанасын әкімдікке бұздырмай, өтемақы үшін билікпен соттасып жүрген тұрғынның үйі өртеніп кетті. Баспана иесі “мұны билік өкілдері істеді” деп күдіктенеді. Әкімдік өртке қатысы жоғын айтады.
Тағы