Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.
Әлеуметтік желілерде аккаунттарын әке-шешесінің келісімінсіз тіркегені үшін 16 жасқа толмаған баланың ата-анасына айыппұл салуды ұсынады. Мұндай бастама көтерген мәжіліс депутаты Азат Перуашев "Еуропа парламентінің әлдебір нормасына" сілтеме жасағанымен, оны нақты атай алмады.
Арнайы діни ғимараттардан бөлек орындарда құлшылық етуге тыйым салынған алты жылдан кейін дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жаңа ереже қабылдады. Ережеге сәйкес, енді темір жол, автовокзал, әуежай, порттарда құлшылық ету бөлмелерін ашуға рұқсат берілді. Бірақ Астанадан ондай намазхананы табудың сәті түспеді.
Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Азаттыққа "Қазақстанда ешқандай діни бірлестік кемсітуге душар болып жатқан жоқ" деді. Ол "секта" деген анықтаманы "түсінбестік" деп атады.
БҰҰ Қазақстан билігіне мүгедектерге арналған үйлерді біртіндеп жабуға кеңес береді. Елге сапарын қорытындылаған БҰҰ өкілі ондай мекемелерде "зорлық-зомбылық тым жиі байқалады" деп мәлімдейді.
Діни жоралғысын түн мезгілінде өтегені үшін Ақмола облысы Аршалы кентіндегі түрмеде отырған тұтқын Мадан Мухлисов екі рет тәртіптік жазаға тартылған. Түрме әкімшілігі оны "қамауда отыру тәртібін бұзды" деп айыптаған. Ал тұтқын "конституциялық құқығым бұзылды" деп санайды.
Астана тұрғыны Жасұлан Сүлейменовтің үйіне пандус немесе мүгедек арбасын көтеретін құрал орнатып беруді талап етіп жүргенін алты ай болған. Жергілікті пәтер иелері кооперативі тұрғынға "техникалық және қаржылық себептерге байланысты ол мүмкін емес" деп мәлімдегеннен бір күн бұрын Қазақстанда БҰҰ-ның мүгедектер құқығы жөніндегі өкілін қарсы алып, мүгедектердің қоғам өміріне "араласып кетуі үшін жасалған" шаралар туралы ақпарат берген болатын.
Алматылық төрт оқушы қыз балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған QamCare ұялы қосымшасын құрастырғаны үшін программистердің 2017 жылғы Technovation Challenge халықаралық конкурсында Гран-при алды. Оқушылар "жеңеміз деп ойлағанымыз жоқ" дейді.
Өскемендегі "Новая Жизнь" Евангелие христиандары шіркеуінің" пасторы Виталий Затолокинді "дін туралы заң талабын бұзды" деген айыппен әкімшілік жауапқа тартып жатыр. Діни бірлестіктің қызметі уақытша тоқтатылуы мүмкін.
Тамыздың 14-інде Жамбыл облысындағы Мерке аудандық сотында православ священнигі Владимир Воронцовтың соты басталды. Ол шіркеуден алыс таулы жерде құлшылық қылып, "Діни қызмет туралы" заңды бұзды деп айыпталады.
Сенбі күні ондаған ата-ана, бұрынғы мектеп түлектері және олардың туыстары Қазақстан білім және ғылым министрлігі алдына жиналып, білім гранттарын бөлуге қатысты наразылығын айтты. Оларды министр Ерлан Сағадиев қабылдады.
Қостанайлық полицейлер шілденің 16-сында төрт жасар қызы Викториядан айырылып қалған қала тұрғын Наталья Сусаеваның үстінен іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Бүлдіршін қыз бауырдың қатерлі ісігінен (мультифокальды гепатобластома) қайтыс болған. Баланың әкесі оның өліміне науқасқа "қан құюға келіспей қойған" сәбидің анасын кінәлайды.
Астанада биыл наурызда ұлына Қазақстан азаматтығын беруді талап етіп, жалғыз кісілік пикет өткізген алматылық тұрғын Әлия Әркешева танымайтын әлдебір адамдардан қоқан-лоққы көріп жүрмін деп шағынады. Әйел кішкентай баласы мен жақындарының қауіпсіздігіне алаңдайды.
Астананың Сарыарқа аудандық соты БҰҰ-ның әйелдерді кемсітуді тыю комитетінің шешімін орындау үшін қаржы министрлігінен жеті миллион теңгеден асатын моральдық және материалдық өтемақы өндіріп беруден бас тартты. Қазақстан мен Орталық Азияда тұратын әйелге қатысты мұндай шешімді БҰҰ комитеті алғаш шығарып отыр.
Аты аңызға айналған совет генералы Иван Панфиловтың жиеншарларына қарсы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиенінің талап-арызына қатысты өткен әрі судьяның талап-арызы бойынша адвокаттардың өздеріне қарсы қылмыстық іске ұласқан сот шуы Грузияда жалғасты. Тбилисиде өткен наразылық акциясына қатысқандар Назарбаевтың жиеніне қарсы сотта ақыры жеңіске жеткен Панфиловтың жиеншарларының адвокаттарына араша түсті, ал бұл жеңіс әлеуметтік желілерде скептицизмге ұласты.
Қостанай облысының тұрғыны Анна Белоусова «жұмыс орнында жыныстық бопсаға ұшырағаны үшін» биліктен 7 миллион теңге талап етіп отыр. Адвокат сөзіне қарағанда, БҰҰ-ның әйелдер құқығы комитетінде ісі қаралған Белоусова күйзелістен жүйкесі жұқарып, депрессияға түскен.
Қазақстандағы құқық қорғаушылар мен ресми мекемелердің абақтылардағы зорлық-зомбылыққа қатысты пікірлері бір-біріне қарама-қайшы. Бірақ жалпы ахуал нашар, себебі Қазақстан түрмелеріндегі зорлық-зомбылық мәселесі әлемдік деңгейде талқыға түсіп жатыр.
Соңғы айларда Қазақстанда діни араздық өршітті деген айыппен «сүнниттік исламдағы салафи бағытты ұстанушы» үш адам сотталды. Олардың ешбірі өздеріне тағылған айыпты мойындаған жоқ, қорғаушылары олардың құқықтары бұзылды дейді.
Астананың әуе айлағының атауын «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» өзгерткен соң қоғамда Алматы әуежайын Қазақстанды советтік кезеңде басқарған Дінмұхаммед Қонаев атымен атауға қатысты бастама пайда болды. Алайда біраз уақыттан соң петиция жарияланған сайтқа кіру қиындады. Ақпарат және коммуникация министрі бастама туралы білмейтінін және оны блоктау туралы естімегенін айтты.
Маусымның 28-і күні Қазақстанда байланыс және ақпарат қызметкерлері күнін атап өтеді. Осы күннің қарсаңында парламентте таныстырылған БАҚ туралы заң жобасы кей журналистердің ашуына тиді.
Қамаудағы екібастұздық мұсылман жігіттің екінші әйелі бір айдан бері мамырдың 19-ы күні Павлодар тергеу абақтысында аштық жариялаған жұбайының денсаулығы нақты қандай күйде екенін білуге тырысып жүр. ІІМ «аштықты тоқтатты» деп мәлімдейді.
Тағы