Хадиша Ақаева - Азаттықтың Шығыс Қазақстан облысындағы тілшісі. Шәкәрім атындағы университетті журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Армения және Грузиядағы басылымдарда тәжірибеден өткен. Азаттықпен 2019 жылдан бері серіктес.
Абай облысындағы орман өртінен 15 адам қаза тапты. Бәрі – орман шаруашылығының қызметкерлері. Марқұмдардың туыстары Азаттыққа қайғылы оқиға болған күні не көргенін айтып берді.
Абай облысында өрт қаупі әлі сейілмей тұр. Төтенше жағдайлар министрі ахуал бақылауда деді. Десе де, ыстық күн мен желдің екпіні кез келген уақытта жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін.
Абай облысындағы өрттен 14 адам қаза тапты. Анасынан, әкесі мен баласынан айырылып, қара жамылып отырған адам көп. Біреулер тағдырға салып, табиғи апатқа налыса, басқалары қайғылы жағдайға сапасыз жолдар мен биліктің немқұрайдығын кінәлады. Азаттық тілшісі оқиға орнына барып, жағдайды біліп қайтты.
Банкроттық туралы заңды елдің бәрі бірдей пайдалана ала ма? Бұл шара қазақстандықтарға қарыз шыңырауынан құтылуға көмектесе ме? Азаттық осы сұрақтарға жауап іздеп көрді.
Сегізінші шақырылымдағы мәжіліс депутаттарының 18 пайызы ғана – әйел. Олардың арасында әйел құқығы мәселесін көтеретін депутат аз. Сарапшылар "әйелдерді парламентке статистика үшін ғана жинайды" дейді. Қазақстандағы гендерлік теңдіктің жайы қалай?
Әйелдерге өз-өзін қорғауды үйрететін тегін курстар Қазақстанда сирек кездеседі. Әйелдер қорғануды көбіне бокс, дзюдо, самбо, джиу-джитсу, грепплинг, каратэ немесе тхэквондо арқылы үйренеді.
Ресей Украинаға басып кіргені үшін санкцияға іліккенде, әртістердің көбі бұрынғыдай жер-жерде концерт өткізу мүмкіндігінен айырылды. Олар енді Қазақстанға ағылды. Бірақ бұл жақта да оларды бәрі бірдей құшақ жая қарсы алып жатқан жоқ.
Қоғам талқысына шығарылған "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заң жобасы цензураны күшейтіп, ақпарат құралдарына қатаң мемлекеттік бақылау орнатады. Қазақстандағы журналистер мен баспасөз құқығын қорғаушы ұйымдар осылай дейді. Олар билікті заң жобасынан бас тартуға үндеп отыр.
Тәуелсіз бақылаушылар бірлестігі Қазақстандағы кезектен тыс парламент және жергілікті өкілді органдарды сайлауға дайындықты бастай алмай отыр. Өйткені орталық сайлау комиссиясы әлі аккредитация бермеген.
2022 жылдың соңында Қазақстан босқын мәртебесін сұраған екі адамды депортациялады. Олардың бірі "Талибан" билігі орнаған Ауғанстаннан, екіншісі азаматтарын күштеп соғысқа жіберіп жатқан Ресейден қашып келген. Қазақстан пана іздеген адамдарға неге босқын мәртебесін бермейді?
Мобилизация кезінде Қазақстанға қашып келген ресейлік әскери қызметкер елден шығарылмақ. Абай облысы Бесқарағай аудандық соты Михаил Жилинді шекараны заңсыз кескені үшін кінәлі деп таныған. Жұбайы күйеуі Ресейге қайтарылса, тірі қалатына сенбейді.
Қазақстанда тозығы жеткен жылу электр орталықтары (ЖЭО) мен құбырлар істен шығып жатыр. Сарапшылар есебінше, әр өңірде бір-бірден ЖЭО салуға триллиондаған теңге керек. Қолданыстағы ЖЭО-ны жаңғыртуға да қомақты қаржы қажет. Бюджет ондай шығынды көтермейді. Қазақстан энергетикасын не күтіп тұр?
8 қарашада қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микроқаржы ұйымдарынан қарыз алған 28 мың борышкердің несиесі кешірілуі мүмкін деп мәлімдеді. Сарапшылар мұны "сайлау алдындағы популизмге" балайды.
Ұлттық банк инфляцияға қарсы күрес мақсатында бір жылда бесінші рет базалық пайыздық мөлшерлемені өсіріп отыр. Бұл нені білдіреді? Мұндай шешімнің соңы неге әкелуі мүмкін? Мәселені қалай шешуге болады? Азаттық экономист Марат Қайырленовпен сөйлесті.
Тағы