Хадиша Ақаева - Азаттықтың Шығыс Қазақстан облысындағы тілшісі. Шәкәрім атындағы университетті журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Армения және Грузиядағы басылымдарда тәжірибеден өткен. Азаттықпен 2019 жылдан бері серіктес.
Қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы жинақ ақшасын инфляция "жұтып" жатыр. БЖЗҚ қаржы тоғыз айда 5,3 пайызға өскен дейді, бірақ осы кезеңдегі инфляция мөлшері – 15,4 пайыз. Инфляция көрсеткішінің есептелуі де – даулы мәселе. Сарапшылар үкімет манипуляция жасап отыруы мүмкін деп санайды.
Қазақстанда мемлекеттен көмек алатын адамдар – "жатыпішер" деген пікір қалыптасқан. Human Rights Watch ұйымы сарапшылары әлеуметтік қорғау жүйесіне мемлекет жауапты, үкімет өз міндетін дұрыс атқарып отырған жоқ деп есептейді. Құқық қорғау ұйымы Қазақстандағы жағдай туралы көлемді есеп жариялады.
Ресейде мобилизация жарияланғаннан кейін екі апта ішінде Қазақстанға 300 мыңға жуық ресейлік келген. Алғашқы топ көктемде батыс елдері Ресейдің банк жүйесіне санкция салған кезде ағылды. Қазақстанға келген ресейліктер рубль әкеледі. Бұл ақша қазақстандық банктерде іске жарамай, бос жатыр. Неге?
Қазақстан үкіметінің институты – "Бәйтерек" холдингі ресейлік Сбердің еншілес компаниясын сатып алды. Сарапшылар бұл қадамды санкция салынған банкті құтқару үшін жасалған саяси келісім деп бағалайды. Банкті сатып алуға мемлекеттен қанша қаржы жұмсалғаны белгісіз.
Ресейлік мемлекеттік ұйым Қазақстанда Екінші Дүниежүзілік соғыс тақырыбында диктант жазуға негізделген тарихи акция өткізіп жатыр. Бұл бастамаға қарсы азаматтар акцияның саяси астары мен пропагандалық мәніне назар аударып, Украинаға басып кірген Ресейдің мұндай шара өткізуі орынсыз екенін айтады.
Қазір Қазақстан зауыттары 226 мың тонна қант шығарады, яғни ішкі сұраныстың жеті пайызын ғана қамтамасыз етеді. Азаттық елде қант өнеркәсібі неге кенже қалғанын анықтап көрді.
Қазақстанда тауар мен қызмет бағасының өсуімен қатар ұшақ билеті де бір жылда орташа есеппен алғанда 17,7 пайызға қымбаттаған. Әсіресе халықаралық рейстер бағасы шарықтап тұр. Украинадағы соғыстың кесірінен ұшақтар айналма жолмен ұшуға мәжбүр. Бірақ билет бағасына әсер еткен басқа факторлар да бар.
Қазақстанда баға тұрақтамай тұр. Ресми дерек бойынша, жыл басынан бері азық-түлік пен тауар 20 пайызға өскен. Мәселен бірнеше айдың ішінде қант екі есе қымбаттап, келісінің ең арзаны 530 теңгеге сатылып жатыр. Бірақ оның өзіне лимит қойылған.
24 маусымда Өскемен қаласының №2 соты белсенді Айдар Байсағатовты "билік өкіліне күш қолданды" деген айыппен 1 жыл 4 айға бас бостандығынан айырды.
Абай облысы Қасқабұлақ ауылы тұрғыны Нұргүл Қилыбаева бірнеше ай бұрын 25 жастағы ұлы Ақжолдан айырылды. Анасы ұлын гаражда асылып қалған жерінен тауып алған. Қайғылы оқиғадан бұрын Ақжолды қаңтардағы шеруге қатысқаны үшін полицияға тергеуге шақырған. Анасы ұлының өзіне қол салғанына сенбейді.
Қазақстанда бір жылда азық-түлік бағасы 15 пайыз өсті. Азық-түлік себетінің негізгі бөлігі – ет, көкөніс, дәнді дақыл мен қант қымбаттады. Сатушылар қымбатшылыққа доллар бағамы әсер етті деп түсіндіреді. Бірақ кейінгі кезде теңге нығайып, доллар бағамы тұрақталса да, азық-түлік арзандамады. Неге?
Референдумнан не күтесіз? Аймақтағылардын пікірі
Қазақстан билігі жаңа экономикалық саясатқа бет бұратынын мәлімдеді. Жүйені қайта құру туралы үндеулерден соң экономикада не болып жатыр? Экс-президенттің туыстарын қылмыстық қудалау монополияға басымдық беретін экономикалық модельді өзгерте ала ма? Азаттық экономист Айман Тұрсынханнан сұрап көрді.
Қаңтар оқиғасы кезінде Өскемен қаласында үш адам қаза тапқан. Үшеуіне де 5-сі күні оқ тиген. Туыстары оларды атқан адамдардың жазалануын талап етеді. Үш азаматтың ісімен айналысып жүрген адвокат күдіктілер әлі анықталмағанын, іс жөнді тергелмей жатқанын айтады.
Қаңтар оқиғасы кезінде Өскеменде атпалдай үш азамат оққа ұшты. Туыстары үшеуінің қазасын тергеу жұмыстары дұрыс жүрмей жатқанын айтады. Адвокат тергеу органдары кінәлілерді табуға құлықсыз, себебі қылмыстың артында өздері тұр деп есептейді.
Жаңадан құрылған Абай облысының әкімшілік орталығы Семей қаласында жылу орталығының жыры бітпей келе жатқанына 15 жылдан асты. Үкімет оны салуға бірнеше рет оқталып, тіпті инвесторлар да табылған. Бірақ, "баяғы жартас – бір жартас" күйінде қалды. Жобаны қолға алған сайын жемқорлық дауы қоса шығады.
Тағы